Жанат Төленқызы Сарыбекова

Қазақ Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет
Мұнда ауысу: шарлау, іздеу

Үлгі:Ғалым Жанат Төленқызы Сарыбекова — педагогика ғылымының докторы (2010), профессор.

Өмірбаяны, еңбек жолы

1957 жылы 4 маусымда Жамбыл облысы, Байзақ ауданы, Ақжар ауылында туған.

Жамбыл педагогикалық институтын (1979, қазіргі Тараз мемлекеттік педагогикалық университеті) бітірген.
1979-84 жылдары қазіргі Түркістан облысы, Түлкібас ауданының Абай атындағы орта мектебінде мұғалім, аудандық пионерлер үйінде әдіскер, 1985-99 жылдары Жамбыл педагогикалық колледжде оқытушы, 1999-2005 жылдары Еуразия ұлттық университетінде оқытушы, аға оқытушы болда. 2005 жылдан Жамбыл гуманитарлық-техникалық университетінде доцент, проректоры, кафедра меңгерушісі қызметтерін атқарды.

Ғылыми бағыты, еңбектері

Негізгі ғылыми бағыты – қыздар тәрбиесі.
"Қазақ халық педагогикасындағы қыздар тәрбиесі" тақырыбында докторлық диссертация қорғаған.
65-тен астам ғылыми еңбектің, оның ішінде 2 монография, 1 оқу құралы, 25 оқу-әдістемелік құралдардың авторы.

Марапаттары

Дереккөздер

Үлгі:Дереккөздер

Сыртқы сілтемелер