Жалғыздық (Ислам дінінде)

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Жалғыздық , дінде — монотеистік діндердегі Құдайға тән басты қасиет. Ислам дінінде де дүниені жаратушы күштің жалғыз екеніне сену — иманның негізі, парыздың үлкені саналады. Алланың жалғыз, әрі теңдессіз құдірет иесі екенін таухид ілімі терең түсіндіреді. Жалғыздық ұғымы сопылық ілімде ерекше мәнге ие. Алланың жалғыздығын теориялық тұрғыдан ғана танумен шектелмей, соған сәйкес амал қылу таухидті толыққанды етпек. Шығыстың ірі шайырлары мен сопылық бауырластықтың негізін қалаушы рухани ұстаздар адамның жүрегінде жалғыз Құдайды аңсаушы жалғыз махаббат болуы тиіс деп үйреткен. Өткінші дүние мен күйбең тіршіліктің күйігінен және жаман ойлардан арылған мұндай жүрек Алланың мекеніне айналмақ. Әйгілі сопы әл-Халладж (шамамен 855922): Үлгі:Start citation “Хақиқат жүрекке орнығар болса, өзге нәрсенің барлығын ығыстырып шығарады” Үлгі:End citation дейді. “Көпшіліктің ішіндегі жалғыздық” деп те аталатын мұндай күйге түскен рухани ізденушінің “жүрегі — Аллада, тілі — зікірде, қолы — шаруада” болмақ. Чишти сопылық бауырластығының ірі ұстазы Низамуддин әулие (12421325) де: Үлгі:Start citation “Халықтан алыс бол, бірақ оған жақын қызмет қыл” Үлгі:End citation дейді. Көптеген рухани ұстаздар өмірінің соңында оңаша тірлік кешіп, жалғыздыққа ұмтылған. Бұл амал — аскетизм емес, кемелдіктің белгісі ретінде қабылданған. Чильхана немесе шілдехана деп аталатын құдыққа ұқсас арнайы орындарда 40 күн бойы сыртпен қатыспай құлшылық қылу кезінде адам екінші мәрте “туылады” немесе рухани ояу қалыпқа енеді. Түркі дүниесінде осылай оңаша тірлік кешу арқылы жан тазалығына ұмтылған ұстаздардың қатарында Қожа Ахмет Иасауи мен Шәкерім Құдайбердіұлын атауға болады. Әбу Саид, Бұхари, Муслим сынды ғалымдардан жеткен хадисте былай делінеді: Үлгі:Start citationПайғамбардан: — Адамның жақсысы кім? — деп сұрағанда: — Құдайдың жолында малы мен жанын аямай, туралыққа ұмтылған жан, — деген жауап қатты. — Ал жақсылардың ішіндегі үздігі кім? — деген сауалға пайғамбар: — Кімде-кім оңаша тауды мекендесе, құдайынан қорқып, жұртқа жамандық қылмаса, сол адам — ең жақсы жан, — деп жауап берді”. Үлгі:End citation Қазақ халқы өзінің дәстүрлі дүниетанымы бойынша, рухани кемелдену жолында жалғыздықты таңдап алған діндарларды әулие тұта отырып, қарапайым адамдардың күнделікті тұрмыс-тіршілігінде саяқ ғұмыр кешуін мақұлдамайды. “Жалғыздық Құдайға ғана жарасады” деген мақал соның айғағы.<ref>Ислам. Энциклопедиялық анықтамалық. Алматы: “Аруна Ltd.” ЖШС, 2010 ISBN 9965-26-322-1</ref>

Дереккөздер

<references/>

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}}

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}Үлгі:Islam-stub