Жалған буын

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Сурет:Congenital dislocation of the hip 11.jpg
Рентгенограмма, демонстрирующая развитие псевдоартроза при врожденном вывихе бедра

Жалған буын , псевдоартроз (грек. pseudos — жалған, arthron — буын) — бітіспеген сынық орнында немесе организмнің дұрыс қалыптаспауынан пайда болатын сүйектің қалыптан тыс “ойнақшып” қозғалып тұруы. Ж. б-ның іштен туа біткен және жүре пайда болатын түрлері бар. Ана құрсағындағы нәресте сүйегінің дұрыс қалыптаспауынан болатын — іштен туа біткен Ж. б. — жас сәбилерде болады және сирек кездеседі. Жүре пайда болған Ж. б. сүйектің жарақаттануынан (иық, қол, сан сүйектері сынғанда, остеотомия), остеомиелит, мешел, цинга, т.б. аурулардың салдарынан болады. Сынық дұрыс бітпегенде, сынған жердің арасында шеміршек не тыртық пайда болады. Бұл сынықтың бір-бірімен жанасып өсуін (бітісуін) тежеп, соның салдарынан орнына барып түспеген сүйек “ойнақшып”, қозғалып тұрады. Мұндай жағдай болмау үшін сынған сүйекті бір-бірімен дұрыс жанастырып, қозғалмайтындай етіп бекіту керек. Ж. б-ды, негізінен, хирургиялық жолмен емдейді. Кей жағдайда сынған сүйекті металдан не пластмассадан жасалған арнайы пластиналар арқылы жалғап, өз орнына салады. Сынық әбден жазылғаннан кейін, жалғаған заттардың кейбіреуі сүйек тіндерімен бірігіп, бітіп кетеді де, қалғанын дәрігер алып тастайды. Сондай-ақ, Ж. б-ды емдегенде ортопедиялық аппараттар да пайдаланылады.Үлгі:Pathology-stub