Жалақорлық

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Жалақорлық– адам мінезіндегі ұнамсыз қылық. Жалақор адам ауызша немесе жазба түрде кейде өз атымен, кейде есімін қоймай жеке адамдарға не заңды тұлғаларға кінә артып, жала жабуға бейім тұрады. Жалақорлық заң бойынша айыпталады.<ref>“Қазақстан”: Ұлттық энцклопедия/Бас редактор Ә. Нысанбаев – Алматы “Қазақ энциклопедиясы” Бас редакциясы, 1998 ISBN 5-89800-123-9</ref>

Жалақорлық — жала жапқыштық, бәлеқорлық адамның мінез-құлқындағы жағымсыз қылық. Біреуге күнә артып, оны балағаттау. Адами қасиетті қорлап, бәле артатын, арсыздық пен надандық әрекет. Жалақорлық адамның оз басын ақтау үшін де өзге адамға күнә, айып тағып "судан таза, сүттен ақ" болып шығуға әрекеттенген жағымсыз қылық пен арам ниетті адамдар тіршілікте кездесіп отырады. Жалақорлықты шынайы ісімен бекерлейтін адам өз ісінің ақтығына сеніп іс қылады, реті келгенде жала жабушының ісі мен мінезіне талдау жасай отырып оны бекерлейді, дәйекті сөзімен жалақорды күнәлайды. Жалақорлықпен іргелес түсінік-ұғым өтірік айтып, өзгеге жала жабу. Жалақорлықтан арылудың төте жолы істің ақ-қарасын ақылға салып дұрыс шешу.<ref>Жантану атауларының түсіндірме сөздігі. — Алматы: "Сөздік-Словарь", 2006. - 384 бет. ISBN 9965-409-98-6</ref>

Дереккөздер

<references/> {{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}} {{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}}