Жайтөбе (қала орны)

Қазақ Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет
Мұнда ауысу: шарлау, іздеу

Үлгі:Көне қалашық Жайтөбе қалашығы (VII-XII ғғ.) – ерте ортағасырлық қала орны, Жамбыл облысының жергілікті маңызы бар тарих және мәдениет ескерткіштерінің мемлекеттік тізіміне енген археология ескерткіші.

Орналасқан жері

Байзақ ауданы, Төрткүл ауылының солтүстік шетінде, Қарасу өзенінің сол жағалауында орналасқан.

Сипаты

Қалашықты 1984, 1986 жылдарында Қазақстан ҒА Тарихи және мәдени есқерткіштері жинағының археологиялық экспедициясы (жетекшісі К.Байпақов) зерттеді. 2010 жылы "Археологическая экспертиза" ЖШС ескерткіштер Жинағы экспедициясы (С. Ақылбек, Ш. Құдабаев) зерттеген.
Өзеннің мүйісінде орналасқан қаланың сақталған бөлігі – жобасында таға тұрпатты. Тағаның ұзындығы – 150 м, ені 20-дан 30 м-ге дейін жетеді. Оңтүстік бағытта 0,5-0,7 м жерден бір кездері қаланың орталық бөлігін қоршап тұрған ұзын қабырғаның бөлігі аңғарылады.
Қаланың 3-тен 2-сін өзен шайып кетсе, қалған бөлігінде зират орналасқан.
Жайтөбе орнынан құм тостаған, табақша, көзе, т.б. асханалық бұйымдар сынықтары жинастырылған. Табылған материалдарға қарағанда, Жайтөбені тұрғындар VII-XII ғасырларда мекен етіп, егін және мал шаруашылығымен айналысқан деуге болады.<ref>Қазақ мәдениеті. Энциклопедиялық анықтамалық. Алматы: “Аруна Ltd.” ЖШС, 2005 ISBN 9965-26-095-8</ref><ref>С25 Қазақстан Республикасының тарих және мәдениет ескерткіштерінің жиынтығы. Жамбыл облысы. – Алматы: РМК "ММЕ ҒЖЗИ", 2002. – Т.2. – 364 б, карталар, ил. ISBN 9965-13-615-7</ref><ref>Жамбыл облысы тарих және мәдениет ескерткіштерінің Жинағы. Байзақ ауданы. – Алматы, 2010. 204 б. ISBN 978-601-7253-05-9</ref>

Дереккөздер

Үлгі:Дереккөздер

Үлгі:Навигациялық кесте