Жазықбай Аханов
Қазақ Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет
Жазықбай Аханов<ref>Маңғыстау энциклопедиясы, Алматы, 1997;</ref> (1920 жылы туған, Адай уезі. Сенек мекені) – Ұлы Отан соғысының ардагері, полковник. Алғаш сауатын ағартушы-ахун, ғұлама Оразмағамбеттен ашады. 1930 жылы Ашғабад жетімдер үйіне қабылданады.
- Ташкенттегі заң институтын бітірген (1940).
- 1940 – 41 жылдары Түрікменнің Ташховуз облысындағы түрікмен тілінде шығатын «Коммуна» газетінің редакторы, Ленин аудандық парткомының хатшысы болды.
- 1941 – 45 жылдары Ұлы Отан соғысына қатысқан.
- 1945 жылы 15 шілде мен 1 тамыз аралығында маршал Г.К. Жуковтың басшылығымен таңдаулы 250 жауынгер құрамында Потсдам конференциясына қатысқан.
- 1947 – 75 жылдары партия, кеңес, мемлекеттік қауіпсіздік қызметтерін атқарды. 1984 – 89 жылдары Ұлы Отан соғысы ардагерлерінің фермерлік шаруашылығының бас директоры болған.
- 1989 жылдан ардагерлер қоғамының төрағасы.
- 1992 жылы 29 қарашада Мәскеуде өткен «Москва түбінде фашистерді талқандаудың 50 жылдығы» жиналысына қатысқан. 3 рет Қызыл жұлдыз, 1-, 2-дәрежелі Отан соғысы ордендерінің, көптеген медальдардың иегері.
Дереккөздер
<references/>