Жабал Ерғалиев
Үлгі:Мемлекеттік қайраткер Жабал Ерғалиұлы Ерғалиев<ref>Үлгі:Cite web</ref> (30 қазан 1952 жыл, Қараағаш ауылы, Чкалов ауданы, Көкшетау облысы) — қазақстандық жазушы, журналист, қоғам қайраткері, 2019 жылдан бері Қазақстан Сенаты жанындағы Сенаторлар Кеңесінің мүшесі, 2011–2017 жылдары аралығында Сенат V және VI-шақырылымдарының депутаты.<ref name="zakonkz">Үлгі:Cite web</ref>
Өмірбаяны
Жабал Ерғалиев 1952 жылдың 30 қазанында Көкшетау облысының Чкалов ауданындағы Қараағаш ауылы дүниеге келді.<ref name="zakonkz" />
1979 жылы Киров атындағы Қазақ мемлекеттік университетінің журналистика факультетін бітірген.
1973 жылдан бұрынғы Көкшетау облыстық «Көкшетау правдасы» газетінде кіші әдеби қызметкер, бөлім меңгерушісі, редактордың орынбасары қызметтерін атқарды.
1997–2005 жылдар аралығында Көкшетау қалалық «Көкшетау» газетінің бас редакторы болып қызмет істеді.
2005 жылдың 28 қаңтарында Ақмола облыстық «Арқа ажары» газетінің бас редакторы болып тағайындалды. Ақмола облысының және Көкшетау өңірінің тарихында тұңғыш рет «Көкшетау» әдеби-көркем, қоғамдық-саяси журналын шығаруды ұйымдастырды.
2007 жылдың 18 тамызында болып өткен сайлауда Ақмола облыстық мәслихатының депутаты болып сайланды. Депутаттығын 2011 жылға дейін жалғастырды.<ref name="zakonkz" />
Ақмола облысы әкімдігі жанындағы бюджет комиссиясының, діни бірлестіктермен байланыс жөніндегі Кеңестің, Қазақстан халқы Ақмола облыстық Кіші Ассамблеясының, тіл және онамастика жөніндегі облыстық комиссияның мүшесі.
2011 жылы Қазақстан Парламенті Сенатының депутаты болды да, 2017 жылы депутаттығын аяқтады.<ref name="zakonkz" />
2014 жылдың 17 қазанынан бері Сенаттың әлеуметтікмәдени даму және ғылым Комитетінің тұрақты мүшесі.<ref name="zakonkz" /> 2019 жылдың 20 қыркүйегінде Сенат төрайымы Дариға Назарбаеваның жарлығымен Сенат жанындағы Сенаторлар Кеңесінің мүшесі болып тағайындалды.<ref>Үлгі:Cite web</ref>
Шығармашылығы
Алғашқы әңгімелері 1978 жылы Алматыда жарық көрген жас жазушылардың антологиясында басылып шықты. Кітаптары:
- «Сөне көрме, жүлдыздар»
- «Қазақтың Қарасай батыры»
- «¥лтым менің, үлысым менің»
- «Хан көтерген ел едік ер үланын»
- «Бұлтты түнгі толған Ай»
- «Жол сапар жалғаса береді»
Драмалық шығармалары:
- «Соңғы тұяқ»
- «Ескі арба» повестері
- «Бұлтты түнгі толған Ай»
- «Тойғандар мен тозғандар».
Бұл екі драмалық шығарманың екеуі де Көкшетаудағы Шахмет Құсайынов атындағы қазақ драма театрының сахнасында сәтті қойылып келеді.
Марапаттары
Жабал Ерғалиұлының марапаттары:
- Екі мәрте жылдары Қазақстан Республикасының Құрмет Грамотасы (2000 және 2001);
- Қазақстан Конституциясына 10 жыл медалі (2005);
- Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері атағы (желтоқсан 2007);
- Астанаға 10 жыл медалі (2008);
- Алматы облысы, Қарасай ауданының құрметті азаматы атағы;<ref name="zakonkz" />
- Қазақстан журналистер одағы сыйлығының лауреаты;
- Жамбыл атындағы Халықаралық сыйлық;<ref>Қазақстан жазушылары: Анықтамалық/Құрастырушы: Қамшыгер Саят, Жұмашева Қайырниса - Алматы: «Аң арыс» баспасы, 2009 жыл</ref>
- Көкшетау қаласының құрметті азаматы;
- Құрмет ордені (16 желтоқсан 2014)
- Парасат ордені (2020)<ref>Үлгі:Cite web</ref>.
Дереккөздер
Сыртқы сілтемелер
- Қазақстан журналистері
- Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті түлектері
- Қазақстан жазушылары
- Қазақстан бас редакторлары
- Қазақстан облыстық мәслихаттарының депутаттары
- Қарасай ауданының құрметті азаматтары
- Қазақстан журналистер одағы сыйлығының иегерлері
- Жамбыл атындағы халықаралық сыйлық иегерлері
- Қазақстан жазушылар одағы мүшелері
- Көкшетау қаласының құрметті азаматтары
- Көкшетау университетінің профессорлары
- Қазақстан Парламенті Мәжілісінің V шақырылымының депутаттары
- Қазақстан Парламенті Мәжілісінің VI шақырылымының депутаттары
- Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының жанындағы Сенаторлар кеңесі мүшелері