Еуроислам

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Еуроислам - жалпы мағынада, исламның демократия және либерализм идеялары мен әрекеттерін қабылдауын, тар мағынада - исламның Еуропаның мәдени және мемлекеттік өміріне араласуын, ықпалдасуын білдіретін шартты үғым. Қазіргі заманның бірқатар мұсылмандық реформаторлары мысалы, Т. Рамадан еуроисламның астарынан (al-islam al-urubi) қазіргі Еуропа өміріне ыңғайланған шариатты іздейді. Басқалары (мысалы Р. Хакимов) еуроисламды еуразияшылдық идеясына толықтыру немесе балама ретінде қарастырады. "Еуроислам" үғымы XX ғасырдың 90- шы жылдарында пайда болды және бастапқыда "зайырлы ислам", яғни, батыс елдерінің зайырлы қүрылымдарымен үйлесуге келетін ислам ретінде түсіндіріледі. Бірқатар мұсылман діндарлары, мысалы, М. Сейхун (діни мекемелердің түрік-ислам одағы), дін мұсылман үммесінің бірлігін бүзатын "еуроисламның" болуын жоққа шығарады. Уақыт өте келе "еуроислам" "Еуропадағы ислам" ретінде емес, исламның еуропа елдерінің қоғамдық және мемлекеттік қүрылымдарына кірігу процесі ретінде түсініле бастады. "Еуроисламды" бүлайша түсіндірудің жақтастары кәбейді, өйткені бүгінгі күні батыс елдеріндегі мүсылмандар санының артуына орай және Шығыс пен Батыс арасындағы өркениеттік ширығушылықты төмендету, дінаралық диалог жүргізу қажеттігінен туындап отыр. Шариғаттың көптеген талаптары батыстық демократия күндылыктарына қайшы келеді. Сондықтан да "еуроислам" шариғаттың аса қатаң шарттарын ауыстыруды талап етеді: ерінің көзіне шөп салған әйелдерін таспен үру; үрының қолын шабу және т.б. Аса күрделі, түжырымды түрғыдағы мәселелер де туындауда, мысалы, бір Алланы хаһ түтатын дін ретіндегі ислам қашанғы зайырлы мәдениетпен, зайырлы мемлекетке келісімге келіп, өз "есесін" жібере береді? Өзінің діни мазмүнынан айырылған ислам Еуропа мүсылмандарына қол болмауы мүмкін. Онымен коймай, Еуропа елдерінде бірыңғай ислам жоқ: Германиядағы мүсылмандардың басым көпшілігі - түріктер, Франциядағылар - Мағүрып елінен шыққандар, Нидерландтағылар - Суринам мен Индонезиядан, ¥лыбританиядағылар - Үндістан мен Пәкістаннан. Олардың әрқайсысының исламды үстану дәстүрлері және "еуропа үйіне" ену ерекшеліктері әркелкі.<ref>Саяси түсіндірме сөздік. – Алматы, 2007.

ISBN 9965-32-491-3</ref>

Дереккөздер

<references/>

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}}


{{#ifeq:|Үлгі

| Бұл үлгі мақалаларды автоматты түрде Үлгі:C қосады. {{#ifeq:Еуроислам|Документация||}}{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}} |{{#if:||{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}}}} }}