Есілбай Тәлкейұлы Қадралин

Қазақ Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет
Мұнда ауысу: шарлау, іздеу

Есілбай Тәлкейұлы Қадралин 1948 жылы Көкшетау облысы Қызылту ауданы Чапаев селосында дүниеге келген. Социалистік Еңбек Ері (1980). Қазақстан Мемлекеттік сыйлығының лауреаты (1997).

Арғын тайпасы Қанжығалы руынан шыққан.<ref>Қанжығалы шежiресi, Құрастырушылар Ғ.Умаров, Қ.Әлімжанов, бас редактор Негимов Серік 558 бет, Астана 2017 - ISBN 9786013026701</ref>

1964-1982 жылдары шопан, жүргізуші, механизатор, 1982 жылдан трактор-егістік бригадасының бригадирі, 1989-1992 жылдары ауылдық кеңестің төрағасы қызметтерін атқарған. Мәскеудегі Дүниежүзі жастарының кездесуіне қатысқан (1972), Берлиндегі Жастар және студенттердің 10-бүкіләлемдік фестивалінің делегаты. 1975 жылы Қазақстан жастары атынан Бирма Республикасында болып қайтты. Қазіргі кезде фермер.

2 мәрте «Ленин», Октябрь революциясы ордендерімен, медальдармен марапатталған.<ref>Айбын. Энциклопедия. / Бас ред. Б.Ө.Жақып. - Алматы: «Қазақ энциклопедиясы», 2011. - 880 бет.ISBN 9965-893-73-Х</ref>

Уәлиханов ауданы мәслихаты сессиясының 2007 жылдың 24 желтоқсанынан №6-4с шешімімен «Уәлиханов ауданының құрметті азаматы» деген атақ берілді.

Дереккөздер

Үлгі:Дереккөздер

Сыртқы сілтемелер