Естеу Нүсіпбеков

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Естеу Нүсіпбеков (1933-2006) - 25 ақпанда Шығыс Түркістанның Іле аймағы, Текес ауданында туған. 1946— 1948 жж. Қүлжадағы Ұлттар гимназиясын 1948—1951 жж. Білім жүрты мектебін бітірген. 1951 — 1961 жж. Үрімшіде мұғалімдік мектептерде мұғалім болған, Шыңжаң халық баспасында, Жазушылар одағының «Шұғыла» журналында жауапты қызметтер атқарған. Өлеңдері «Жеңіс жырлары», «Тарту» атты ұжымдық жинақтарға енген. 1957 жылы оның 6 — 7-сыныптарға арналған «Әдебиеттік оқулық» атты екі кітабы «Халық» баспасынан, «Арман» атты өлеңдер жинағы «Жастар» баспасынан жарық көрген. 1956 жылы наурызда Пекинде өткен Бүкілқытайлық жас жазушылардың I съезіне қатысқан, сондағы Лушин атындағы әдебиет институтының жеделдетілген курсын, 1966 жылы Қазақ ұлттық унивеситетіің филология факультетін бітірген, 1966 — 1975 жж. Нарынқол ауданындағы мектепте, аудандық газетте жауапты қызметтер атқарған, бөлім меңгерушісі болып істеген. «Кешіккен сый» атты өлең-дастандар жинағы (2001, «Елорда») жарық көрген. «Өнер — өмір» ұжымдық жинағына (2003, «Атамұра») бір топ өлеңі енген.<ref>Қазақ әдебиеті. Энциклопедиялық анықтамалық. — Алматы: «Аруна Ltd.» ЖШС, 2010 жыл.ISBN 9965-26-096-6</ref><ref>Қазақстан жазушылары: Анықтамалық/Құрастырушы: Қамшыгер Саят, Жұмашева Қайырниса - Алматы: «Аң арыс» баспасы, 2009 жыл</ref>

Дереккөздер

<references/>

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}}