Ескене

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Үлгі:Елді мекен-Қазақстан ЕскенеАтырау облысы, Мақат ауданы құрамында болған мұнайшылар ауылы, Ембінің ең көне мұнай кәсіпшіліктерінің бірі. Атырау қаласының солтүстік-шығысында, 60 км жерде орналасқан.

Тарихы

Құрылуы және дамуы

1932 жылы ашылған Оңтүстік Ескене кен орнының негізінде 1934 жылы іргесі қаланды. 1932-1934 жылдары қалыптасып дами бастады, дизельдік электр станциясы, Ескене-Байшонас жоғарғы вольтті электр желісі, ұзындығы 80 км су құбыры, ұзындығы 18,5 км тар табанды темір жол, тәуліктік қуаты 25 т-лық шағын мұнай айдау зауыты, тұрғын үй және мәдени-тұрмыстық нысандар салынды. Соғыс кезінде мұнай кәсіпшілігінің жетістіктері кеңінен белгілі болды, кәсіпшілік Отан қорғау комитетінің Қызыл Туымен марапатталды. Мұнда мұнайшы-стахановшы, бірінші шақырылған КСРО Жоғарғы Кеңесінің депутаты Сабырғали Зорбаев жұмыс істеді. Кенорынды пайдалану басталған кезден 1998 жылдың басына дейін 1162 мың т мұнай өндірілді, мұнай өндіруші 41 ұңғыма болды.

Инфрақұрылымы

Ауылда сегізжылдық мектеп, фельдшерлік-акушерлік пункт т.б. болды. Тұрғындары көрші елді мекендермен темір жол және автомобиль жолы арқылы қатынаған болатын.

Таратылуы

Ауыл 2008 жылға дейін кент статусында болған<ref>Мақат ауданының кейбір кенттерін село санатына жатқызу туралы</ref>. Кейін Солтүстік Каспий аймағында ірі кен орынының ашылуына байланысты ауыл таратылып, тұрғындары Атырау қаласына және Махамбет ауылына көшірілген болатын<ref>Атырау облысы Мақат ауданының Ескене және Байшонас елді мекендерін тарату туралы</ref>.

Халқы

Тұрғыны 1999 жылы 0,5 мың адам болса, 2009 жылы 528 адамды құраған болатын<ref>[stat.gov.kz/getImg?id=WC16200032719 - 2009 жылғы Қазақстан Республикасы халқының Ұлттық санағының қорытындылары. Астана 2011. 1 том]</ref>.

Дереккөздер

Үлгі:Дереккөздер Үлгі:Kz-geo-stub Үлгі:Мақат ауданы елді мекендері