Махамбет (Атырау облысы)

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Үлгі:Елді мекен-Қазақстан Үлгі:Мағына Махамбет ауылыАтырау облысы Махамбет ауданындағы ауыл, Аудан орталығы, оның негізі 1928 жылы қаланды. Атауы Махамбет Өтемісұлы құрметіне берілген. Атырау қаласынан солтүстікке қарай 75 км жерде, Жайық өзенінің оң жағасында орналасқан<ref>Қазақ Энциклопедиясы, 6 том</ref>.

Тарихы

1963 жылға дейін “Жаманқала” деп аталып, Бақсай ауданының орталығы болып келді. 1963 ж. Бақсай мен Новобогат аудандарын біріктіргеннен кейін, Махамбет ауданының орталығы болды<ref>Қазақ Энциклопедиясы, 6 том</ref>.

Инфрақұрылымы

Сүт зауыты, Төменгі Жайық суландыру жүйесінің басқармасы, Нарын көгалдандыру-мелиорациялық стансасы, "Агротехника"өндірістік кооперативі бар. Ауылға таяу жерде Махамбет Өтемісұлының бейіті бар. Махамбет ауылы арқылы Атырау - Орал электр желісі мен Атырау - Индербор - Самара мұнай құбыры өтеді<ref>Қазақ Энциклопедиясы, 6 том</ref>.

Халқы

Аудан орталығында 2007 жылғы 1 қаңтарда тұратын халық саны 8012 адамды құрады<ref>[stat.gov.kz/getImg?id=WC16200032719 - 2009 жылғы Қазақстан Республикасы халқының Ұлттық санағының қорытындылары. Астана 2011. 1 том]</ref>.

Дереккөздер

Үлгі:Дереккөздер Үлгі:Kz-geo-stub {{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}} Үлгі:Махамбет ауданы елді мекендері