Есен Тасқынбаев
Қазақ Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет
Үлгі:Тұлға Есен Тасқынбаев (10 наурыз 1932 жыл, Жылыой ауданы, Атырау облысы – 10 ақпан 2026 жыл, Атырау) — кеңестік және қазақстандық мұнайшы, мемлекет және қоғам қайраткері, КСРО Мұнай өнеркәсібінің үздік қызметкері, Атырау облысының құрметті азаматы, Қазақстан және КСРО жоғарғы мемлекеттік марапаттарының иегері, Қазақстанның еңбек сіңірген мұнайшысы.
Толығырақ
Есен Тасқынбаев 1932 жылғы 10 наурызда Атырау облысының Жылыой ауданында Жаршық ауылында дүниеге келген.
- 1954 жылы И.М.Губкин атындағы Мәскеу мемлекеттік мұнай иниститутын "инженер-механик" мамандығы бойынша бітірген.
- 1954 жылдан Құлсары бұрғылау жабдықтары мекемесінің кіші қызыметкері, бас инженер, механик және т.б.
- 1959 - 1964 жылдары "Құлсарымұнай" қауымдастығының бас механигі.
- 1964 жылдан Гурьев қалалық партия комитетінің ІІ хатшысы, 1965 жылдан І хатшысы қызыметін атқарған.
- 1977 - 1987 жылдары Гурьев облыстық атқару комитетінің төрағасы.
- 1987 жылдан Гурьев агроөнеркәсіптік комитетінің ғылым және білім беру мекемелері төрағасының орынбасары.
- 1995 жылдан құрметті еңбек демалысында.
Қоғамдық қызметі
- Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесінің 8 және 11 шақырылымның депутаты.
- КОКП XXV-XXVII съезінің делегаты.
- Қазақстанның Коммунистік партиясының XII-XVI съездерінің делегаты.
- 1995-2009 Атырау облыстық аңшылар мен балықшылар қоғамы басқармасының төрағасы.
- Атырау облыстық «Ардагерлер ұйымы» республикалық ұйымы филиалының президиумының мүшесі.
Мемлекеттік марапаттары
- КСРО марапаттары
- Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесінің құрмет грамотасымен марапатталған.
- КСРО мұнайөнеркәсібінің үздігі.
- Қазақ КСР нің еңбек сіңірген мұнайшысы.
- КСРОның еңбек сіңірген мұнайшысы.
- КСРО халық шаруашылығы ісінің үздігі.
- 1966 жылы "КСРОның Ерен еңбегі үшін" медалі.
- 1971 жылы "Еңбек Қызыл Ту" Ордені
- 1974 жылы "Қазан төңкерісі" Ордені және "Үздік қызыметі үшін" медалі
- 1980 жылы "Халықтар Достығы" Ордені
- КСРОның "Еңбек ардгері", "Лениннің 100 жылдығы" және т.б көптеген медалдармен марапатталған.
- Қазақстан Республикасының марапаттары
- 1999 жылы ҚР тұңғыщ президентінің жарлығымен "Құрмет ордені" мен марапатталды.
- 1999 жылы "Қазақстан мұнайына 100 жыл" алтын медалі.
- 2004 жылы "Қазақстан теміржолына 100 жыл" медалі
- 2004 жылы "Тыңға 50 жыл" медалі
- 2011 жылы "Қазақстан тәуелсіздігіне 20 жыл" медалі
- 2013 жылы елбасының жарлығымен жоғарғы мемлекеттік марапат "Парасат ордені" берілді.
- Атырау облысының Құрметті азаматы.
- Жылыой ауданының Құрметті азаматы.