Есен Оғланұлы Өтеев
Үлгі:Тұлға Есен Оғланұлы Өтеев (18 ақпан 1966, Небітдақ, Түрікмен КСР) — қазақстандық мұнайшы, мұнай-газ саласын ұйымдастырушы, «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ өкілдігінің директоры (2023 жылдан бастап).
Өмірбаяны
Есен Оғланұлы Өтеев 1966 жылы 18 ақпанда Түрікменстанның Небітдақ қаласында дүниеге келген.
1981 жылы Небітдақ қаласындағы орта мектепті бітірген соң, сол жылы Небітдақ мұнай-газ техникумына оқуға түсіп, оны 1985 жылы тәмамдады.
Шаһмардан Есенов атындағы Каспий технологиялар және инжиниринг университетінің мұнай және газ кен орындарын игеру факультетін бітірді.
Еңбек жолын 1985 жылы «Небітдақмұнай» мұнай-газ өндіру басқармасы операторы болып бастады.
1987-1996 жылдары — «Өзенмұнайгаз» мұнай-газ өндіру басқармасының қаттық қысымын ұстау цехының операторы, басшысының орынбасары болды.
1996-2007 жылдары — №1 «Өзенмұнайгаз» МГӨБ өндірістік-техникалық бөлімнің жетекші инженері, қабатқа технологиялық сұйықтықтарды айдау цехының басшысы, Орталық инженерлік бөлім басшысы қызметін атқарды.
2007-2019 жылдары — «Өзенмұнайгаз» АҚ бас директорының өндіріс жөніндегі орынбасары болып жұмыс істеді.
2019 жылдың 3 сәуірінен 2022 жылдың сәуіріне дейін «Өзенмұнайгаз» АҚ бас директоры лауазымында болды.
2022 жылдың сәуірінен маусымына дейін «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ Мұнай және газ өндіру басқармасының бас сарапшысы қызметін атқарды.
2022 жылдың шілдесінен 2023 жылдың наурызына дейін «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ Ақтау қаласындағы өкілдігінің атқарушы директоры болып жұмыс істеді.
2023 жылдың 24 наурызынан қарашасына дейін «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ Ақтау қаласындағы өкілдігінің директоры болды<ref>Үлгі:Cite web</ref>.
2023 жылдың қарашасынан 2024 жылдың қыркүйегіне дейін «Ak Su KMG» ЖШС бас директорының кеңесшісі болып жұмыс істеді.
2024 жылдың қыркүйегінен бастап «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ Ақтау қаласындағы өкілдігінің атқарушы директоры қызметін атқарады.
2012 жылдан бастап — Жаңаөзен қалалық мәслихатының және Маңғыстау облыстық мәслихатының V, VI шақырылымдары депутаты.
Марапаттары
- 1999 — «Қазақстан мұнайына 100 жыл» алтын медалі (1999 ж. 5 қыркүйек)
- 1999 жыл — Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Алғыс хаты
- 2004 — «Өзен кен орнына 40 жыл» төсбелгісі
- 2007 жыл — Қазақстан Республикасы Энергетика және минералдық ресурстар министрлігінің Алғыс хаты менен төсбелгісі
- 2011 жыл — Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президентінің Алғыс хаты
- 2015 жыл — Қазақстан Республикасы Президентінің 2015 жылғы 10 желтоқсандағы Жарлығымен мұнай-газ саласына сіңірген ерекше еңбегі үшін «Құрмет» орденімен марапатталды.
- 2019 жыл — «Қазақстан мұнайына 120 жыл» алтын медалі (2019 ж. 5 қыркүйек)
- 2019 жыл — Қазақстан Республикасы Президентінің Алғыс хаты
- 2019 жылы — Қаланың әлеуметтік-экономикалық дамуына сіңірген еңбегі үшін Жаңаөзен қаласының Құрметті азаматы.