Есенқұл Жақыпбеков
Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет
Есенқұл Жақыпбеков (10.02.1954 Алматы облысы, Жамбыл ауданы, Бірлік ауылы - 14.11.2013) — ақын. Қазақстан жазушылар одағының мүшесі (1995).
Өмірбаяны
- 1990 жылы ҚазМУ- ді бітірген.
- Өмірінің соңында Жамбыл ауданының "Атамекен" газетінің бас редакторы болды.
Шығармашылығы
- Суырып салма дарынымен танылған айтыскер. 1984 жылы республика телевизиялық ақындар айтысының тұңғыш лауреаты атанды.
- Алғашқы жырлары 1984 жылы "Жалын" баспасынан шыққан "Қарлығаш" атты жинаққа енді.
- "Ағымнан жарыламын" (1986),
- "Біз екеуміз" (1990),
- "Жеріңе табын" (1994),
- "Жанқисса" (1996),
- "Есіл дүние-ай"
- "Біздің елдің жігіттері" (1999),
- "Бұл жаз да өтер" (2001)
- "Тау басында кәрі қар"
- "Тазқара құстың тағдыры" атты өлең жинақтары жарық көрген.
Ән-термелері
- "Алдай-ау"
- "Өзіңді аңсап"
- "Бақ пенен қызыр қонса да"
- "Өнер адамы"
- "Жұлдыздар бәрін болжайды", т.б. көптеген ән-термелері де ел арасында кеңінен таралған.
</ref><ref>Қазақстан жазушылары: Анықтамалық/Құрастырушы: Қамшыгер Саят, Жұмашева Қайырниса - Алматы: «Аң арыс» баспасы, 2009 жыл</ref>
Дереккөздер
<references/>
Үлгі:Бастама {{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}