Есенғали Әбдіжаппарұлы Раушанов

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Есенғали Әбдіжаппарұлы Раушанов (5 қазан 1957 жылы туған, Хожелі қаласы, Қарақалпақстан) — ақын, халықараралық «Алаш» сыйлық лауреаты (1991).


  • «Жалын» журналында бөлім меңгерушісі.
  • «Арай» журналында поэзия бөлімінің меңгерушісі, жауапты хатшы
  • «Зерде» (бұрынғы «Білім және еңбек») журналының бас редакторы (1988 — 95).
  • 1995 жылдан «Жазушы» баспасының директоры.

Шығармашылығы

  • Алғашқы жыр жинағы «Бастау» деген атпен 1980 жылында жарық көрді.

Кейін ұлт бостандығы, туған дала тарихы туралы жазылған

  • «Келінтөбе» (1984)
  • «Шолпан жұлдыз туғанша» (1988)
  • «Ғайша бибі» (1991, «Aлаш» сыйл.)
  • «Қара бауыр қасқалдақ» (1995) атты жыр кітаптары жарық көрген.

Раушанов лирикасында ұлттық болмыс суреткерлік шеберлікпен дараланған, ұлттық психология, этнография ақын өлеңінің ішкі өріміне образдық бояу болып сіңген («Қозының бүйіріндей тойып емген төбелер», «Қатарланған қара нардай азайған қариялар», «Тұлыпқа кеп иіген аруанадай сенің суық ерніңнен іздедім от», т.б.), қара өлең үлгісі Раушанов поэзиясының түрлік желісіне айналған.

Ақын шығармашылығында жаңа формалық ізденістер жетерлік, бірақ қаламгердің ерекшелігі дәстүрлі үлгіні қайта жаңғыртуында. Шығыстық сарында жазылған өлеңдері («Сағдише сүю», «Өзбек қызына») мен жыраулық поэзия дәстүріндегі дүниелері («Қарға бойлы Қазтуған», «Азау, саған не дейін», «Абылайдың асында айтылмаған сөз») замана ақиқатын көркемдік тұрғыда ашып көрсетуде азаматтық үнімен ерекшеленеді. Раушановтың халықтық аңыз, мифологиялық желіде жазылған «Ғайша бибі», «Түн деген Көрұғлы», «Нұқ пайғамбардың кемесі», т.б. туындылары бар.

«Ғайша бибі» драмалық дастаны халықтық поэзия қайнарынан нәр алған, жаңалық өрісімен, кемел көркемдігімен ерекшеленген құнды шығарма.

Прозалық туындыларынан «Нұрдан жаралған» романы, құстар табиғатын сөз еткен этнографиялық новеллалары бар.

Көптеген өлең, поэмалары орыс, литва, украин, болгар, чех, өзбек, қырғыз тілдеріне аударылған.

Өзбек тілінен ортағасырлық мұра «Темір жарғыларын», Хамза Ниязи өлеңдерін қазақ тіліне тәржімалаған.<ref>Қазақ әдебиеті. Энциклопедиялық анықтамалық. — Алматы: «Аруна Ltd.» ЖШС, 2010 жыл.ISBN 9965-26-096-6</ref><ref>«Қазақстан»: Ұлттық энцклопедия/Бас редактор Ә. Нысанбаев – Алматы «Қазақ энциклопедиясы» Бас редакциясы, 1998 ISBN 5-89800-123-9</ref>

Дереккөздер

<references/>

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}