Есбол Жамалбек
Қазақ Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет
Есбол Жамалбек (17.5.1934 ж.т., Түркістан облысы Түлкібас ауданы Кершетас ауылы) – ауыл шаруашылық ғылымдарының докторы (1992).
Білімі
- Қазіргі ҚазМУ-дың биология-топырақтану факультетін бітірген (1956).
- 1959 ж. Қазақстан ҒА Топырақтану ғылыми-зерттеу институтына аспирантураға түсті.
Ғылыми еңбектері
Негізгі жұмысының ғылыми бағыты – Түркістан облысы Мақтаарал ауданының топырақ-мелиоративтік жағдайын зерттеп, оны екінші сорланудан құтқару жолдарын қарастыруға арналды.
- Топырақтану институтының өндірістік тапсырысы бойынша Есбол Жамалбек Маңғыстау түбегінің топырақ-мелиоративтік жағдайларын зерттеп, азық-түлікпен қамтамасыз ету және елді мекендерді көгалдандыру мәселелерімен айналысты. 1973 жылдан ғылыми-зерттеу жұмыстарын Алматы, Оңтүстік Қазақстан, Шығыс Қазақстан, Батыс Қазақстан облыстарында жүргізді.
- 10 монографиясы, 8 оқу құралын, 8 кітапша, көптеген ғылыми еңбектер жариялаған.
Марапаттары
- «Ерен еңбегі үшін» (1970)
- КСРО-ның Халық шаруашылық жетістіктері көрмесінің қола (1984)
- «Еңбек ардагері» медальдарымен (1986) марапатталған.<ref>Оңтүстік Қазақстан облысының энциклопедиясы</ref>
Дереккөздер
<references/>
Санат:
- 17 мамырда туғандар
- 1934 жылы туғандар
- Түлкібас ауданында туғандар
- Ауыл шаруашылығы ғылымдарының докторлары
- Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің биология-топырақтану факультеті түлектері
- Қазақ топырақтану және агрохимия ғылыми-зерттеу институты түлектері
- Қазақстан топырақтанушылары
- Ерен еңбегі үшін медалінің (КСРО) иегерлері
- Халық Шаруашылығы Жетістіктері Көрмесі қола медалінің иегерлері
- Еңбек ардагері медалінің иегерлері