Ерғали Сағат

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Үлгі:Жазушы Ерғали Сағат (25 наурыз 1949 жыл, Жамбыл облысы Талас ауданы Ойық ауылы) — ҚазКСР және Қазақстан журналисті, жазушы. Қазақстан журналистер одағының, Қазақстан жазушылар одағының мүшесі.

Қызмет жолы

1975 жылы Қазақ Мемлекеттік Университетінің журналистика факультетін тамамдаған. Осы жылы Қазақстан Компартиясы Орталық Комитетінің жолдамасымен «Лениншіл жас» (Жас алаш) газетіне жұмысқа тұрды. Осында әдеби қызметкерден бастап бас редактордың бірінші орынбасары қызметінде 18 жыл жұмыс жасады. 1992—2005 жж. «Алматы ақшамы» газетінің Бас редакторы болды. 2008 жылдың қаңтарынан «Парасат» (Мәдениет және тұрмыс) журналының Бас редакторы.

1983 жылы «Жалын» баспасынан «Даладағы ұлы із» атты деректі повесі жарық көрді. Осы еңбегі үшін республикалық Баубек Бұлқышев атындағы сыйлыққа, 1988 жылы «Жалын» баспасынан шыққан «Ғимараттар биіктеп барады» публицистикалық кітабы үшін Журналистер одағының сыйлығына ие болды. Бұдан кейін «Келелі келешек», «Дін биігіндегі ел», «Ай нүрын төккен қала»,(сапарнама кітаптары) "Сайлау мен Татьяна", «Өмір-өсиет», «Ғасырдың бір жылы», «Жаны жарық Димекең», "Жан жылуы", атты деректі прозалық кітаптары оқырмандар қолына тиді.<ref>Қазақстан жазушылары: Анықтамалық – Алматы: “Ан Арыс” баспасы, 2009 жыл – 480 бет. ISBN 978-601-7130-43-5</ref>

Қазақстан Республикасы Гуманитарлық ғылымдар академиясының академигі. КСРО және Қазақстан Республикасының 8 мемлекеттік медальдарымен марапатталған. Қазақстан Жазушылары Одағының Деректі проза кеңесінің, Алматы қалалық сайлау комиссиясының мүшесі.

Медальдары мен марапаттары

  • «Әскери үздік қызметі үшін» (1970);
  • Астана"
  • «Еңбектегі ерлігі үшін» (1981);
  • «Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігіне 10 жыл»;
  • «Қазақстан Республикасы Парламентіне 10 жыл»;
  • «10 жыл Астана»;
  • «Қазақстан Конституциясына 10 жыл»;
  • «Қазақстан Тәуелсіздігіне 20 жыл» (2011);
  • "Қазақстан Конституциясына 20 жыл" (2015);
  • " Құрмет" ордені (2015);
  • (Бірнеше Құрмет грамоталарына ие. Қазақстан Журналистер Одағының Баубек Бұлқышев атындағы сыйлығының иегері.

Дереккөздер

Үлгі:Дереккөздер