Ерубай би Жолдыбайұлы

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Ерубай би Жолдыбайұлы шамамен 1789-1862 жылдар аралығында өмір сүрген. Үш жүзге аты мәлім болған, тура би атанған. Руы Тама, Әліп бұтағынан тарайтын Дәулеткелді Байболат дейтін атадан. Ерубай би туралы ескі көзді, кәрі құлақты қариялар айтқанда ол кісінің ақыл ойының жетіктігі, парасат көзінің кеңдігі, қиыннан қиыстыратын тапқырлығы, ұшқыр ойдың иесі екендігі, көрегендік, сәуегейлік қасиеттері ерекше айтылады. Ерубай мен Жөгінің Кедей атасынан шыққан Қазанғап шешен ақылдасып, елдің сорына біткен болыс Хангелді Бөріұлын орынынан түсірмек болады. Осыны естіген Хангелдінің бойына қаны қатады. Осы екі аралықта Қазанғап қайтыс болып кетеді. Оның өсиеті бойынша асты Ерубай басқарады. Бұл жөнінде хабардар болған Хангелді жалған хабар беріп, астың бәйгесі 100 торы ала жылқы, 100 ақ бас қой деп жариялап жібереді. Сонымен қатар Жөгі атасының балаларына Ерубайға көмектеспеуді қатты қадағалап тапсырады. Асты өткізерден бір күн бұрын ғана естіген ас иелері қатты сасып, Ерубайдан көмек сұрайды. Осы тұста Барақ Қарауыл байдың баласы Қойбақ батыр "Елдің намысы - Ерубайдың намысы, Ерубайдың намысы - менің намысым" деп астында мініп келген торы ала атты түсіп береді. Табан астында Ерубай би ат тұяғы жеткен жерден торы ала ат жидыруға пәрмен береді. Дегенмен Хангелдінің бұйрығына бағынған ағайындар бұғып қала береді. Ерубайды қолдамаққа тек Дәулеткелді, Барақ, Есенқарағай, Бұзау, Жалпақ, Қызылқұрт балалары ғана ат салысып, астарында мініп жүрген торы ала аттарын бәйге желісіне байлатып, аттың санын жүзге жеткізеді. Осы аста Ерубай бидің Көкарғымақ атты аты бірінші, Айдауторы атты аты екінші болып келеді.<ref name="ReferenceA">Н.Рахымжанов, Жетіқоңыр:Жиделі және Жайылма</ref>
Қазанғаптың асы қай кезде болды дегенге келсек: "Хангелді Бөріұлы Тама болысын 1849 жылғы 16 желтоқсаннан бастап басқарған", одан соңғы болыс Нұрша Қылышұлы 1852 жылғы 20 қазанда бекітілген".<ref>«История Казахстана в русских источниках»</ref>
Осыған қарап, Қазанғап асынан кейін Хангелді болыстықтан түсірілді дейтін әңгімені негіз қылып алып, ол асты 1852 жылғы қыркүйек айында болған деген топшылау жасауға болады.<ref name="ReferenceA"/> Ерубай туралы аңыздардың ұрпақты туған жерге деген сүйіспеншілікке тәрбиелеп, сол заманның ауанын жете түсінуге итермелейді. Ерубай бидің мазары Қарағанды облысы, Ұлытау ауданы, Сарысу ауылдық округінде, Тасоба елді мекеніне жақын жерде тұр. Қасында балалары Көшек батыр мен Байсақал Ерубайұлы мырзаның сағаналары орналасқан. 6 шақырым жерде Көктабан қыстағында Дәулеткелді-Бағалақтан тараған Барақ батырдың бейіті бар.

Сурет:Байсақал сағанасы.jpeg
Байсақал сағанасы


Ерубай би 1810-1815 жылдары Бөкей Ордасында "Хан кеңесіне" қатысып талай даулы айтыс-тартыстың басында болып, әділ шешімін табуға септігін тигізеді. 1815 жылы қайтыс болған Бөкей хан өзінің баласы Жәңгірге өсиет етті, ал оның кәмелетке толуына дейін Орданы уақытша басқаруды туған інісі Шығай сұлтанға тапсырады. Әкеден жастай қалған Жәңгірдің таққа қалай отырғандығы жайлы ел аузында мынадай сөз қалған: Шығай сұлтан ағасының өсиетін бұзып, Жәңгірдің көзін жоюды мақсат етеді. Шығайдың арам ойын сезген Ерубай би бала Жәңгірдің басына қамыр жапсырып, бетін күйелештеп, үстіне жаман киім кигізіп қозы бақтырып қояды. Жәңгір хан кәмелетке толып таққа отырғанға дейін Ерубайдың қамқорлығында болған екен. 1823 жылы 22 маусымда патша Жәңгірді Ішкі Орданың ханы деп тану жөніндегі грамотаға қол қояды. Ал 1924 жылғы 26 маусымда патша өкімет орындарының бақылауымен ежелгі салтанат рәсімін сақтай отырып, ол хан деп жарияланады. Жәңгір хан билігінің алғашқы кезеңінде ел басқару ісін билер кеңесімен ақылдасып жүргізетін болған. Билер кеңесін Ерубай басқарған. Кейініректе Жәңгір жеке билік жүргізіп көп жағдайда билермен ақылдаспайтын болған. Жәңгірдің бұл ісіне наразы болған Ерубай Сарысудың бойында Арғын, Найман, Тарақты руларымен қатар жатқан аз ғана Тама ауылына көшіп кетеді. Ерубай би өлер шағында ел-жұртын жинап өсиетін айтып қоштасып, соңында: "Жетіқоңырды менен асып кім алар дейсің. Мені Жетіқоңырдың ортасына жерлеңдер!" деген екен. Ерубай бидің қабірі Жетіқоңырдың төбесіндегі Тасоба деген жерде тұр.<ref>"Созақ өңірі". Сүлеймен Тәбірізұлы. - Алматы: "Дәуір" баспасы, 2007 ж. ISBN 9965-749-84-1.</ref>

Дереккөздер

Үлгі:Дереккөздер

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}