Ертай Ашықбаев

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Сурет:365206 783878374 .jpg
Ертай Ашықбаев

Ертай Ашықбаев- 1956 жылы 24 сәуірде Ақтөбе облысы, Темір ауданы, Бабатай ауылында дүниеге келген. 1972—1974 жылдары Темір аудандық «Жұмысшы» — «Рабочее знамя», Торғай облыстық «Торғай таңы» газеттерінде әдеби қызметкер, бөлім меңгерушісі болды. 1983 жылы Қазақ мемлекеттік университетін бітірген. Осы жылдан бері Ақтөбе облыстық «Ақтөбе» газетінде қызмет істеп келеді.

Топтама өлеңдері «Темір қанат» («Жалын», 1981), «Ақ сәуле» (1984), «Бастау» (1990) үжым-дық жинақтарына енді. Жеке жинақтары: «Қос мең» (1988), «Жақсы баға» (1991), «Ұя» (2003), «Ашық сабақ» (2003), «Ғашықтар мектебі» (2004), «Қаңтардағы құс» (2007), «Қобыландының қонысы» (2008).

«Қос мең» жыр жинағы үшін 1989 жылы Қазақстан жазушылар одағының Шәкәрім Құдайбердіұлы атындағы сыйлығының лауреаты болды. «Жалын» баспасы ұйымдастырған балалар мен жасөспірімдердің үздік шығармаларына арналған республикалық жабық бәйгеде төрт рет (1982, 1986, 1991, 1994) жүлдегер атанды. Қазақстан Журналистер одағының Төлеубай Ыдырысов атындағы сыйлығының лауреаты (1996), Ақтөбе облысы әкімі сыйлығының лауреаты (2004). Республикалық мүшәйралардың бірнеше дүркін жүлдегер!. «Қазақстан Конституциясына — 10 жыл» мерекелік медалімен марапатталған.<ref>Қазақстан жазушылары: Анықтамалық/Құрастырушы: Қамшыгер Саят, Жұмашева Қайырниса — Алматы: «Аң арыс» баспасы, 2009 жыл</ref>

Дереккөздер

<references/>

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}}

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}