Ермұхамед Мәулен
Үлгі:Тұлға Ермұхамед Мәулен — қазақстандық спорт журналисі, комментатор, және футбол саласының медиа маманы. Футболдан Қазақстан ұлттық құрамасының бұрынғы баспасөз хатшысы, танымал спорт шолушысы және қоғамдық пікір иесі.<ref>ҰҮлгі:Cite web</ref>
Мазмұны
Өмірбаяны
Ермұхамед Мәулен 1987 жылы Қазақстанда Тараз қаласында дүниеге келген.
Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің филология факультетін тәмамдаған.
Еңбек жолын 2007 жылы республикалық басылымдарда спорт журналисі ретінде бастаған. Әр жылдары «Алматы ақшамы», «Спорт айдыны», және «Түркістан»газеттерінде тілші әрі шолушы болып қызмет атқарды.
2013 жылы «QAZSPORT» телеарнасының редакторы қызметіне қабылданып, отандық спорт комментаторларының жаңа буынының өкілі ретінде танылды.
2014 жылы Бразилияда өткен футболдан әлем чемпионатында Қазақстан атынан тікелей эфирден матч жүргізіп, тарихта алғаш рет шетелден репортаж жасаған қазақстандық комментатор болды.
2017–2018 жылдары «Егемен Қазақстан» газетінің спорт бөлімін басқарды, 2019 жылы «Хабар» агенттігінің спорт бөлімінің продюсері болды.
2020 жылы «Qazsport» арнасында арнайы жобалардың редакторы ретінде еңбек етті.
2021 жылдан бастап Қазақстан футбол федерациясының (ҚФФ) баспасөз қызметін басқарды,
2022–2024 жылдары федерация президентінің кеңесшісі әрі ұлттық құраманың баспасөз хатшысы қызметін атқарды<ref>Үлгі:Cite web</ref><ref>Үлгі:Cite web</ref>.
Пікірлері мен қызметіндегі ерекшеліктер
Ұлттық құраманың медиа имиджін қалыптастыруда, жанкүйер мәдениетін дамытуда және қазақ тіліндегі спорт контентін көбейтуде белсенді жұмыс атқарды. Оның бастамасымен ұлттық құраманың жаңалықтары қазақ тілінде жарияланып, стадиондарда қазақша музыкалық сүйемелдеу енгізілді.
Филология маманы ретінде Ермұхамед Мәулен қазақ тілінің бейнелі құралдарын комментаторлық тілмен шебер ұштастыра білді. Ол өзіндік стиль қалыптастырған санаулы спорт комментаторы.
Даулы мәлімдеме және отставкасы
2024 жылдың маусым айында Ермұхамед Мәулен FonTeam YouTube арнасына берген сұхбатында Қазақстан Премьер-лигасында келісілген матчтар бар екенін мәлімдеді. Оның сөзінше, «барлық клубтар дерлік бұған қатысы бар», дегенмен ол «Қайрат» пен «Тобыл» клубтарын ерекше атап, бұл командалар «принципті түрде» мұндай ойындарға бармайтынын айтты<ref>Үлгі:Cite web</ref>.
Мәулен сұхбатында нақты дәлел келтірмегенімен, футбол қоғамында бұл пікір үлкен резонанс туғызды. Бір күннен кейін, 2024 жылдың 24 маусымында, ол Қазақстан құрамасының баспасөз хатшысы қызметінен кеткенін хабарлады.
Мәулен ұлттық құрамамен бірге Талғат Байсуфинов, Магомед Адиев, Станислав Черчесов және Әли Әлиев сияқты бас бапкерлермен жұмыс істеді.
Қоғамдық көзқарас
Ермұхамед Мәулен футбол мәдениетін дамыту мен жанкүйерлердің ұлттық рухын арттыруды басты мақсат санаған. Оның ұсынысымен ұлттық құраманың матчтарында жанкүйерлер «Атамекен» әнін орындап, қазақ тіліндегі перформанс дәстүрі қалыптаса бастады.
Ол сонымен қатар қазақстандық стадиондардың инфрақұрылымдық артта қалуын жиі сынға алып, әр облыста еуростандартқа сай заманауи ареналар салу қажеттігін атап өтеді.
Cын
Журналистке қойлатын ең үлкен сын ретінде букмекерлік кеңсемен жақындығы айтылады. Атап айтқанда Фонбет сияқты кеңсе. Одан бөлек Әділет Барменқұловтың кеңесшісі ретінде қызмет атқарды.