Ермак Бидахметұлы Сәлімов
Ермак Бидахметұлы Сәлімов 1957 жылы 26 қарашада Шығыс Қазақстан облысы Күршім ауданының Шірікаяқ ауылында туған. Қазақ. Анасы - Сәлімова Сақужамал, зейнеткер, үй шаруасында. В.И. Ленин атындағы Қазақ политехникалық институтын (1981) тау-кен инженері-маркшейдер мамандығы бойынша; Қазақ мемлекеттік заң академиясын (2001) заңгер мамандығы бойынша бітірген. Қазақ және орыс тілдерін біледі. «Нұр Отан» ХДП мүшесі. 1975 жылдан - В.И. Ленин атындағы Қазақ политехникалық институтының студенті. 1981 жылдан - Шығыс Қазақстан облысы Глубокое ауданы Ертіс полиметалл комбинатының Березовск кенішінде шахтаның жер асты кен шебері. 1985 жылдан - Шығыс Қазақстан облысы Глубокое ауданы Ертіс полиметалл комбинатында Ертіс кеніші бас инженерінің қауіпсіздік техникасы жөніндөгі орынбасары, 1986 жылдан - №3 учаскенің жер асты кен шебері, учаске бастығы, 1987 жылдан - Ертіс кенішінің партия бюросының хатшысы. 1989 жылдан - Шығыс Қазақстан облысы Глубокое ауданы «Ертіс полиметалл комбинаты» АҚ Ертіс кеніші №3 жер асты кен учаскесінің бастығы. 1994 жылдан - Шығыс Қазақстан облысы Глубокое аудандық әкімшілігі басшысының бірінші орынбасары. 1996 жылдың наурызынан - Шығыс Қазақстан облысы Глубокое ауданы әкімінің орынбасары. 1996 жылдың қазанынан - «Ертіс по- лиметалл комбинаты» АҚ сенімгерлік басқарушысы. 1997 жылдан - Шығыс Қазақстан облысы Глубокое ауданы әкімінің орынбасары. 1999 жылдан - «Ертіс мыс балқыту зауыты» ЖШС, «Ертіс кен байыту комбинаты» ЖШС сайыстық басқарушысы. 2000 жылдан - Шығыс Қазақстан облысы Глубокое ауданы әкімінің орынбасары м.а., 2001 жылдан - әкімнің орынбасары. 2008 жылдан - Шығыс Қазақстан облысы Кәсіпкерлік және өнеркәсіп басқармасының бастығы. 2009 жылдың шілдесінен - Шығыс Қазақстан облысы Риддер қаласының әкімі. 2009 жылдың қарашасынан - Шығыс Қазақстан облысы әкімінің орынбасары. 2010 жылдың шілдесінен бері - Шығыс Қазақстан облысы Зырян ауданының әкімі. «Астананың 10 жылдығы» медалімен (2008), «Өнертабыс және рационализация саласының озаты» белгісімен мара- патталған. Әскери атағы - запастағы лейтенант. Діни көзқарасы - ислам. Саяси қайраткер ретіндегі идеалы - Н.Ә. Назарбаев. Қазақстанның болашағы туралы болжамы - «Бәсекеге қабілетті, білімді, экономикалықжоғары дамыған мемлекет, ішкі саяси тұрақтылықжәне халықтар арасындағы келісім». Хоббиі - волейбол, футбол, жүзу. Сүйіп оқитын әдебиеті - А. Құнанбаев, М. Жұмабаев, Ш. Айтматов, А.П. Чехов, Л.Н. Толстой. Үйленген. Жұбайы - Сәлімова Эмма Әнуарқызы (1958 жылы туған), үй шаруасымен айналысады. ¥лдары - Сәлімов Рүстем Ермакұлы (1981 жылы туған), Сәлімов Рамир Ермакұлы (1986 жылы туған).<ref>Қазақстан Республикасында кімнің кім екені . Екі томдық анықтамалық. Алматы, 2011 жыл. ISBN 978-601-278-473-2</ref>
Дереккөздер
<references/>