Ерлан Әбілфайызұлы Ыдырысов
Үлгі:Мемлекеттік қайраткер Ерлан Әбілфайызұлы Ыдырысов (28 сәуір 1959, Қарқаралы, Қарағанды облысы) — мемлекеттік қайраткер, дипломат.
Биографиясы
1959 жылдың 28 сәуірінде Қарқаралыда танымал жазушы Әбілфайыз Ыдырысовтың отбасында дүниеге келді.
Арғын тайпасының Айдерке руынан шыққан.<ref>Үлгі:Cite web</ref>
Мәскеу Мемлекеттік халықаралық қатынастар институтын урду, хинди, ағылшын тілдерін меңгерген экономист-дипломат мамандығы бойынша (1981), КСРО СІМ-нің дипломатиялық академиясын (1992) бітірген.
1981 – 1985 жылдары Пәкістан, Үндістан мемлекеттеріндегі КСРО елшіліктерінде, Қазақ КСР-і СІМ-де жауапты қызметтер атқарды, 1992 – 95 ж. БҰҰ-да Қазақстан Республикасының тұрақты өкілі болды. Кейінгі жылдары ҚР СІМ-нің Америка елдеріндегі басқарма бастығы (1995), ерекше тапсырма бойынша елші (1995 – 96). ҚР Президентінің көмекшісі (1996 – 97). ҚР Сыртқы істер министрінің бірінші орынбасары (1997), департамент директоры, вице-министр қызметтерін атқарды.
1999 – 2002 жылдары ҚР Сыртқы істер министрі болды. Кейіннен СІМ-нің бірінші вице-министрі, Ұлыбритания біріккен корольдігі мен Ирландиядағы, сондай-ақ Швеция, Норвегия, Дания елдеріндегі төтенше және өкілетті елші қызметтерін қоса атқарды.
2007 жылдан ҚР-ның АҚШ пен Бразилиядағы төтенше және өкілетті елшісі.
2012 жылдың 28 қыркүйегінен бастап ҚР Сыртқы істер министрі.<ref>Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың Е.Ә. Ыдырысовты Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрі қызметіне тағайындау туралы ЖарлығыҮлгі:Deadlink</ref> (04.04.2014ж. қайта тағайындалды; 30.04.2015 ж. қайта тағайындалды; 13.09.2016ж. қайта тағайындалды).
28 желтоқсан 2016 жылы басқа жұмысқа ауысуына байланысты Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрі қызметінен босатылды 30 желтоқсан 2016 жылы был қайтадан Қазақстан Республикасының Ұлыбритания біріккен корольдігі мен Солтүстік Ирландиядағы Төтенше және Өкілетті Елшісі болып тағайындалды<ref>Идрисова сменили на посту министра иностранных дел</ref><ref>Ерлан Идрисов получил новую должность</ref>.
15 ақпан 2017 жылы Қазақстан президентінің жарлығымен Қазақстан Республикасының Ұлыбритания біріккен корольдігі мен Солтүстік Ирландиядағы Төтенше және Өкілетті Елшісі болып тағайындалды <ref>Үлгі:Cite web</ref>.
8 тамыз 2017 жылы Қазақстан Республикасының Исландия және Ирландиядағы Төтенше және Өкілетті Елшісі қызметін қоса атқарушы болып тағайындалды.
Марапаттары:
| Мемлекет | Берілген уақыт | Марапат | |
|---|---|---|---|
| Үлгі:Flag | 1998 | Астана медалі | |
| Үлгі:Flag | 2001 | Қазақстан Республикасының тәуелсіздігіне 10 жыл медалі | |
| Үлгі:Flag | 2002 | Құрмет ордені | |
| Үлгі:Flag | 2005 | Қазақстан Конституциясына 10 жыл медалі | |
| Үлгі:Flag | 2006 | Қазақстан Республикасының парламентіне 10 жыл медалі | |
| Үлгі:Flag | 2008 | Парасат ордені | |
| Үлгі:Flag | 2008 | Астанаға 10 жыл медалі | |
| Үлгі:Flag | 2011 | Қазақстан Республикасының тәуелсіздігіне 20 жыл медалі | |
| Үлгі:Flag | 08.05.2015 | Еуразиялық экономикалық одақ құруға қосқан үлесі үшін 1 дәрежелі | |
| Үлгі:Flag | 17.07.2017 | Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығының Құрмет грамотасы | |
Үлгі:Start box Үлгі:Succession box Үлгі:End box
Үлгі:Start box Үлгі:Succession box Үлгі:End box
Дереккөздер
Үлгі:Бақытжан Сағынтаевтың министрлер кабинеті Үлгі:Кәрім Мәсімовтің II министрлер кабинеті