Еркін Елесбекұлы Мұсабаев

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Еркін Елесбекұлы Мұсабаев (3.1.1943 жылы туған, Қазығұрт ауданы Майлы Ошақ ауылы) – әскери қайраткер, генерал-майор (1991). Ташкент қаласындағы электротехникалық байланыс институтының радио байланыс және радио хабарларын тарату факультетін бітірген (1965). 1965–67 жылдары Шымкент қалалық теледидар хабарларын тарату орталығында инженер, аға инженер, Оңтүстік Қазақстан байланыс басқармасы ұжымының комсомол комитетінің хатшысы. 1967–68 жылдары Минск қаласындағы КСРО Мемлекет қауіпсіздігін қорғау комитетінің (МҚК) жедел қызметкерлер даярлайтын жоғары курсында оқыды. 1968–74 жылдары Оңтүстік Қазақстан облысы бойынша Қазақ КСР мемлекеттік қауіпсіздік қорғау басқармасында жедел іздеу қызметкері, топ жетекшісі, бөлімше бастығы. 1974–78 жылдары Түркістан ауданы бөлім бастығы, 1978–79 жылдары МҚК Оңтүстік Қазақстан облысы басқармасында бөлім бастығының орынбасары, 1979–82 жылдары КСРО МҚК-нің орталық аппаратында бөлім бастығының орынбасары, өндірістік қарсы барлау басқармасының партия ұйымының хатшысы (Мәскеу қаласы), 1982–85 жылдары МҚК Қостанай облысы басқармасы бастығының орынбасары, 1985–87 жылдары МҚК Торғай облысы басқармасының бастығы, 1987–88 жылдары Қазақ КСР МҚК-нің коллегия мүшесі, қарсы барлау басқармасының бастығы, 1988–93 жылдары МҚК Павлодар облысы басқармасының бастығы. 1993–96 жылдары ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитетінің (ҰҚК) коллегия мүшесі, ҰҚК-нің Алматы қаласы мен облысы бойынша басқарма бастығы. 1996–97 жылдары «Өнім» АҚ президентінің сыртқы байланыс жөніндегі кеңесшісі, 1998 жылдан «Армор групп» ағылшын өкілеттігінің Қазақстандағы жетекшісі. Мұсабаев көптеген медальдармен, КСРО қауіпсіздік комитеті төрағасының бағалы сыйлығымен марапатталған. Қазығұрт ауданының құрметті азаматы (2002). <ref name="test">Оңтүстік Қазақстан облысының энциклопедиясы</ref>

Сілтемелер

<references />

{{#ifeq:|Үлгі

| Бұл үлгі мақалаларды автоматты түрде Үлгі:C қосады. {{#ifeq:Еркін Елесбекұлы Мұсабаев|Документация||}}{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}} |{{#if:||{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}}}} }} {{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}}

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}