Ержан Сансызбайұлы Қыстафин
Үлгі:Мемлекеттік қайраткер Ержан Сансызбайұлы Қыстафин (8 қазан 1978 жыл, Қарағанды) — қазақстандық дипломат, 2021 жылғы мамырдан бергі Қазақстанның Пәкістандағы елшісі.
Өмірбаяны
Қыстафин 1978 жылғы 8 қазанда Қарағандыда дүниеге келді.<ref name="zakon">Үлгі:Cite web</ref><ref name="pakistan">Үлгі:Cite web</ref>
Білімі
Қыстафин 1999 жылы Бөкетов атындағы Қарағанды университетін «халықаралық заңгер» және 2014 жылы Еуропалық халықаралық стратегиялық зерттеулер институтын «халықаралық қатынастар» мамандықтары бойынша тәмамдады.<ref name="zakon" /><ref name="pakistan" />
Мансабы
Қыстафин еңбек жолын 1999 жылы Астана қаласы Әділет басқармасының сот приставы ретінде бастады. 2000 жылы бұл қызметтен кетіп, ол 2001 жылға дейін Қазақстан Қаржы министрлігі Заң қызметі департаментінің жетекші маманы, бас маманы болды.<ref name="zakon" /><ref name="pakistan" />
2001—2002 жылдары Қыстафин — Қазақстан Сыртқы істер министрлігі Халықаралық құқық департаментінің атташесі. 2002—2005 жылдары ол Сыртқы істер министрлігінің Аппараты Құқықтық сараптау бөлімінің үшінші хатшысы, екінші хатшысы, бірінші хатшысы, кеңесшісі, бөлім бастығы болды.
2005 жылдан ол Сыртқы істер министрлігінің Аппараты Мемлекеттік тіл және құқықтық сараптау басқармасының бастығы болды. 2007 жылы ол бұл қызметтен кетіп, Сыртқы істер министрлігі Әкімшілік департаменті директорының орынбасары бола тұрды.<ref name="zakon" /><ref name="pakistan" />
2007 жылдан 2010 жылға дейін ол Сыртқы істер министрлігі Әкімшілік және бақылау департаменті директорының орынбасары, департамент директоры еді. Одан кейін, 2015 жылға дейін ол — Қазақстанның Бельгиядағы Елшілігінің кеңесші-уәкілі.
2015—2016 жылдары ол — Қазақстан Сыртқы істер министрлігі Әкімшілік және бақылау департаменті директорының орынбасары. Одан кейін, 2019 жылға дейін ол Сыртқы істер министрлігі Адам ресурстары департаментінің директоры, «Қазақстан дипломаттары Бірлестігінің» төрағасы қызметтерінде болды.
2019 жылдан 2021 жылға дейін Қыстафин Қазақстанның АҚШ-тағы Елшілігінің кеңесші-уәкілі болды.
2021 жылғы 18 мамырда Қыстафин Қазақстанның Пәкістандағы елшісі болып тағайындалды.<ref>Үлгі:Cite web</ref>