Ержан Жалбақұлы Бабақұмаров
Үлгі:Мемлекеттік қайраткер Ержан Жалбақұлы Бабақұмаров (2 наурыз 1969 жыл, Ескелді ауданы, Талдықорған облысы — 30 қазан 2025 жыл, Астана<ref>Астанада Ержан Бабақұмаров қаза болды</ref>) — қазақстандық мемлекет пен қоғам қайраткері, Президент жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінің директоры (2012–2016, 2022), саясаттанушы, саяси ғылымдар кандидаты (1994), ҚР Саяси ғылымдар академиясының академигі (1997–2025).
Өмірбаяны
Білімі
Бабақұмаров Әл-Фараби атындағы Қазақ мемлекеттік университетін (1991) саясат тарихының оқытушысы мамандығы бойынша; әл-Фараби атындағы Қазақ мемлекеттік университетінің аспирантурасын (1995) бітірген.
Кандидаттық диссертациясының тақырыбы: «Қазіргі кезеңдегі Қазақстан Республикасындағы көп партиялы жуйенің пайда болуының әлеуметтік-саяси негіздері (1985–1993)».
Еңбектері
- Қазақстан, Ресей, Украинада басылып шыққан кітаптары, соның ішінде: «Қазақстандағы ұлтаралық қатынастар: кадрлі саясаттың этникалық аспекттері» (тең автор, 1993),
- «Қазақстан: 1994 жылғы парламенттік сайлауларының партиялық аспекті» (1994),
- «Қазақстан Республикасы: XXI ғасыр табалдырығындағы қызыл таң сәрі ме?» (біріккен автор, 1996); 50 астам ғылыми жарияланымдардың, мақалалар мен кітапшалардың авторы.
Қызмет жолы
1995 жылдан Бабақұмаров — Қазақстанның Даму институты Саяси зерттеулер орталығының ішкі саясат бөлімінің меңгерушісі, директоры.
1996 жылғы тамыздан ол — Алматы қаласы әкімі аппаратының бас маманы. Кейін, 1996 жылғы желтоқсаннан бастап — ҚР Президентінің Әкімшілігінің аға референті, кеңесшісі, сектор меңгерушісі, Ішкі саясат бөлімі меңгерушісінің орынбасары.
2004 жылғы сәуірден ол Қазақстан Президентінің Әкімшілігінің әлеуметтік-саяси бөлімінің бас инспекторы болды.
2004 жылғы қыркүйекте ол Президент Әкімшілігінің ішкі саясат басқармасының ақпараттық-талдау орталығының меңгерушісі атанса, 2005 жылғы наурызда Президент Әкімшілігінің ақпараттық-талдау орталығының меңгерушісі болды.
2006 жылғы ақпаннан ол — Қазақстан Мәдениет және ақпарат вице-министрі.
2007 жылдан ол — ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің жауапты хатшысы болса, 2008 жылдан — Қазақстан премьер-министр кеңсесі басшысының орынбасары.<ref>Кадровые перестановки. Новые назначения в Канцелярии Премьер-Министра, ТЮРКСОЙ, акиматах ЮКО, ВКО и налоговом департаменте Алматы</ref>
2012 жылғы 5 қазанда Президент жанынан Орталық коммуникациялар қызметі құрылып, соның алғашқы директоры болып тағайындалды. 2016 жылғы 8 маусымда қызметінен босатылды.<ref>Ержан Бабақұмаров ОКҚ директоры қызметінен босатылды</ref>
2016 жылғы 9 маусымда Премьер-министр кеңсесі басшысының орынбасары болып қайта тағайындалды.<ref>Назначен заместитель руководителя Канцелярии Премьер-министра РК</ref>
2018 жылғы 11 желтоқсанда Президент Әкімшілігінің Талдау және болжау орталығының меңгерушісі болып тағайындалды.<ref>Ержан Бабақұмаров ҚР Президенті Әкімшілігінің Талдау және болжамдау орталығының меңгерушісі болып тағайындалды</ref> 2019 жылғы 5 сәуірде президент Қасым-Жомарт Тоқаев бұрынғы лауазымынан босатпай, өзіне кеңесші етіп тағайындады. 2019 жылғы 5 шілдеде екі лауазымынан да босатылды.<ref>Президенттің кеңесшісі қызметінен босатылды</ref>
2019 жылғы 6 шілдеде Алматы қаласының әкімі Бақытжан Сағынтаев өзіне орынбасар етіп тағайындады.<ref>Президенттің экс-кеңесшісі Ержан Бабақұмаров жаңа қызметке тағайындалды</ref> 2022 жылғы 1 ақпанда қызметінен кетті.<ref>Сағынтаевтың артынан оның орынбасары да қызметінен кетті</ref>
2022 жылғы 9 ақпанда Президент жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінің директоры болып екінші мәрте тағайындалды.<ref>Ержан Бабақұмаров жаңа қызметке тағайындалды</ref> Бұл қызметті сол жылғы 2 қыркүйекке дейін атқарды.<ref>Бабақұмаров қызметінен босатылды</ref>
2025 жылғы 30 қазанда Астанада кісі қолынан қаза тапты.
Марапаттары
- Құрмет ордені (2005),
- 3 медальдармен марапатталған,
- Мәдениет қайраткері (2008) атанған.
Бабақұмаров үйленген еді. 3 баласы болған.<ref>Қазақстан Республикасында кімнің кім екені - 2011 жыл. Екі томдық анықтамалық. Алматы, 2011 ІSВN 978-601-278-473-2</ref>