Елен Әбдуатұлы Әлімжан

Қазақ Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет
Мұнда ауысу: шарлау, іздеу

Үлгі:Жазушы Елен Әбдуатұлы Әлімжан (18 маусым 1945 жылы туған, Жамбыл облысы Талас ауданы Көмекші ауылы) — жазушы, драматург, публицист. ҚазҰУ-ды бітірген (1968).

Шыққан тегі Ұлы жүздің Дулат тайпасы Шымыр руынан.<ref>Үлгі:Кітап</ref>

Еңбек жолы

Еңбек жолын Қазақ теледидарында бастаған. Жамбыл облысындағы «Еңбек туы» газетінің тілшісі, бөлім меңгерушісі (1970 - 76), облыстық партия комитетінің нұсқаушысы (1970-80), «Социалистік Қазақстан» (қазіргі «Егемен Қазақстан») газетінің Жамбыл облысы бойынша меншікті тілшісі (1980 - 91), Жамбыл облысының телерадиокомпаниясының төрағасы (1991 - 96), «Түркістан» газетінің бөлім меңгерушісі, Қазақ ұлттық энциклопедиясының жетекші маманы (1997 - 98), Жамбыл облыстық «Ақ жол» газетінің бөлім меңгерушісі, бас редакторының орынбасары (1998-2008), «Бауыржантану» ғылыми-зерттеу орталығында жетекші ғылыми қызметкер (2004-2007), Жамбыл облыстық ішкі саясат басқармасында және ақппараттық талдау орталығында (2008-2015) жауапты қызметтер атқарған.

«Ән сыры» атты алғашқы әңгімесі Қазақстан жас жазушыларының «Таңғы шық» атты жинағында (1964) жарық көрген. Одан кейін «Оралу» (1978), «Көріпкел» (2000), «Ақ періште - арманым!» (2016) атты повестер мен әңгімелер, «Тақталас» (2006), «Толық адам туралы» (2005), «Бауыржанның пырағы» (2010), «Адамгершіліктің ақ жолы» (2013) атты пьесалары мен публицистикалық жинақтары шықты. М.Әуезов атындағы академиялық драма театрында және облыстық театрларда (Жамбыл, Ақтөбе, Арқалық, Жетісай, Талдықорған), халық театрларында пьесалары қойылған. «Тақталас», «Бір қазаққа бір қатын?!...» комедиялары орыс тіліне аударылып, Жамбыл облыстық орыс драма театрында, «Жанұран» комедиясы қырғыз тіліне аударылып, Қырғыз телерадиокорпорациясының «Учур» театрында қойылған. «Айт күні» атты әңгімесі Анкарада жарық көрген түрік халықтары әдебиеті антологиясының қазақ әдебиеті томына енген. «Бауыржан Момышұлы» атты драмасы осы тұлғаның 100 жылдығына арналған республикалық драмалық шығармалар конкурсында бірінші орын (2010), «Әйелдер бір істі бастады...» атты водевилі Мәдениет министрлігі жариялаған «Тәуелсіздік толғауы» конкурсының комедия номинациясы бойынша екінші (2014) жүлделі орындарды иеленді. <ref>“ Қазақ әдебиеті. Энциклопедиялық анықтамалық. — Алматы: «Аруна Ltd.» ЖШС, 2010 жыл.ISBN 9965-26-096-6</ref>

Дереккөздер

Үлгі:Дереккөздер Үлгі:Stub:Қазақ әдебиеті Үлгі:Wikify

Үлгі:Суретсіз мақала