Елена Сергеевна Бейсембинова

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Елена Сергеевна Бейсембинова 1941 жылы 24 шілдеде РКФСР Саратов қаласында туған. Орыс. Әкесі -Отрощенко Сергей Борисович, марқұм, суретші болған. Анасы - Яблонская Татьяна Ниловна, марқұм, суретші болған.

Мәскеу жоғары көркемсурет-өнеркәсіптік училищесінің маталарды көркем безендіру факультетін бітірген (1967), декоративтік өнер суретшісі. ҚР Көркемөнер академиясының толық мүшесі.

Балаларға арналған және көркем әдебиеттің 32 кітабын безендірген. Журналдар мен газеттердегі шығармашылық туралы көптеген мақаланың авторы. 10 мультипликациялық фильмнің қоюшы суретшісі. Бейнелеу өнерінің түрлері - кескіндеме, графика. Шығармалары ХШЖК-де (1968), Украинаның суретшілерінің Республикалық көрмесіндө (1968); Мәскеу жоғары көркемсурет-өнеркәсіптік училищесінің көрмесінде (1963); Бүкілодақтық көркемсурет көрмесінде (Мәскеу қаласы, 1984); Күзгі мерейтойлық көркемсурет көрмесінде (Алматы қаласы, 1985); Кескіндеме биенналесі дүниежүзілік көрмесінде (Бангладеш, 1988; Баку қаласы, 1989); Чехословакиядағы кескіндеме көрмесінде (Прага қаласы, 1989); Мозамбиктегі көркем көрмеде (1990); Франциядағы көркем көрмеде (Ренн қаласы,1992); Түркиядағы топтық көрмеде (Анкара қаласы, 1992); Германиядағы, Бельгиядағы, Кениядағы жылжымалы қайырымдылық көрмесінде (1992-1994) және т.б. көптеген көрмелерде қойылған.

Көркемсурет институтында (1963); «Арман» кинотеатрында (Алматы қ., 1987, 1994); Кинематографистер үйінде (Алматы қаласы, 1988); Кафедралдықсоборда (Алматы қаласы, 1989); Ә. Қастеев атындағы Мөмлекеттік өнер мұражайында (1991), ҚР Суретшілер одағының Көрме залында (1991,2004); Оңтүстік Кореяда (Сеул қаласы, 1993); Қазақстанның Мемлекеттік этнографиялық муражайында (Алматы қаласы, 1995); Киев қаласында («Грифон» галереясы, 2001; «Моро» галереясы, 2002; «Тадзио» галереясы, 2002); Балалар өнер академиясында (Киев қ., 2002 жылдың қараша айы - 2003 жылдың қаңтар айы); «ОЮ» (Апматы қ., 2005, 2007) және «Ретро» (2005) галереяларында және басқа жерлерде жеке көрмелерін өткізген. Туындылары Чехия, Венгрия, Ресей, Түркия, Оңтүстік Корея, Украина, Швеция, Канада, АҚШ, Германия, Қазақстан, Үндістан, Австралияның жеке коллекцияларында және мұражайларында қойылған. Орыс, украин және француз (сөздікпен) тілдерін біледі.

1967 жылдан - Киев көркемсурет қорының суретші-монументалисі. 1968 жылдан - «Өнер» көркемсурет қорының суретші-графигі, «Жазушы» және «Жалын» баспаларының балаларға арналған кітаптарының суретші-безендірушісі.

1968-1997 жылдары - республикалық, аймақтық және бүкілодақтық көркем көрмелердің тұрақты қатысушысы.

1974-1984 жылдары - «Қазақфильм» киностудиясы мультфильмдерінің қоюшы суретшісі.

КСРО Суретшілер одағының мүшесі (1969), КСРО Кинематографистер одағының мүшесі (1981). ХШЖК қола медалімен марапатталған (1967).

Діни көзқарасы - атеист. Сүйіп оқитын әдебиеті - классикалық орыс және шетел әдебиеті. Жесір. Жубайы - Бейсембинов Арсен Сәрсенұлы, марқұм, суретші болған. ¥лы - Бейсембинов Заңғар Арсенұлы, суретші.<ref>Қазақстан Республикасында Кімнің Кім екені – 2011. 2 томдық анықтамалық. Алматы, 2011. ISBN 978-601-278-473-2</ref>

Дереккөздер

<references/>

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}}

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}Үлгі:Bio-stub