Елена Анкудинова (шахматшы)

Қазақ Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет
Мұнда ауысу: шарлау, іздеу

Үлгі:Шахматшы Елена Анатольевна Анкудинова (тегі Петрова; 14 қараша 1962, Павлодар, Қазақ КСР, КСРО) — қазақстандық, бұрынғы кеңестік шахматшы, әйелдер арасындағы гроссмейстер (2013). Сеньориттер (50 жастан асқандар) арасындағы әлем чемпионы (2013), Қазақстан чемпионы (2015). Шахмат жаттықтырушысы және төрешісі.

Мансабы

​Алты жасында әкесі — адвокат әрі Павлодардың құрметті азаматы оны шахмат ойнауға үйреткен, ал он жасында шахмат мектебіне барып, балалар арасындағы жас санаттарында республика чемпионы атанды. 1978 жылы мектеп оқушысы Елена Петрова Қазақ КСР-і спартакиадасында әйелдер тақтасындағы турнирде сенсациялық жеңіске жетіп, сол кездегі Қазақстандағы санаулы шеберлер — Аида Мүсілімова мен Татьяна Живаеваны (Сергеева) басып озды. Одан кейін КСРО мектеп оқушыларының спартакиадасына, Одақтық жастар ойындарына және Кеңес Одағының үш жасөспірімдер чемпионатына қатысты, бұл сол кездегі шахмат шеткерісі (перифериясы) үшін таңғаларлық жағдай еді. КСРО құрама командасының болашақ мүшесі Гүлнар Сахатова сол уақытта одан үнемі жеңіліп қалатын. Алайда, 1985 жылы институтты бітіргеннен кейін инженер-электрик Елена Петрова жолдама бойынша Степногорск қаласына жұмысқа аттанады. 1992 жылы тұрмысқа шығып, қызды болған соң, ол 5 жылға белсенді шахматтан қол үзіп қалды.<ref>Елена Анкудинова: «Неудача есть счастливая возможность попробовать ещё раз» Үлгі:Webarchive</ref>

1997 жылы туған қаласы Павлодарға оралған соң, ол шахматқа қайта оралды. 2000 жылы Қазақстанның вице-чемпионы атанды, 2004 жылы бұл жетістігін қайталап, құрама сапына нық енді және Дүниежүзілік шахмат олимпиадасына (Кальвия, Испания, 2004) қатысты. 2007 жылы ФИДЕ шебері атанды.<ref>Үлгі:Cite web</ref>

2012 жылы оған Грекияда өткен сеньориттер (50 жастан асқандар) арасындағы XXII әлем чемпионатында бақ сынау мүмкіндігі туды. Анкудинова соңғы турға дейін турнир кестесін бастап келді, тіпті тең ойын оның жеңісіне кепілдік беретін еді. Алайда германиялық Ольга Лопатинамен болған партияда ол кенеттен фигурасынан айырылып қалып, коэффициенттер бойынша 6-орынға тұрақтады.<ref>Үлгі:Cite web</ref>

2013 жылғы қарашада Хорватияның Опатия қаласында өткен келесі чемпионатта Анкудинова аты аңызға айналған грузиялық Нона Гаприндашвилиді жарты ұпайға басып озып, сеньориттер арасындағы әлем чемпионы атанды.<ref>Үлгі:Cite web</ref> Осы жеңісі үшін Еленаға әйелдер арасындағы халықаралық гроссмейстер (2013) атағы берілді.<ref>Елена Анкудинова — новый казахстанский гроссмейстер</ref>

2014 жылғы қарашада Катериниде (Грекия) өткен сеньориттер арасындағы кезекті әлем чемпионатында Анкудинова күміс медаль иеленді.<ref>Үлгі:Cite web</ref>

2015 жылғы мамырда ол алғаш рет әйелдер арасындағы Қазақстан чемпионы атанды,<ref>Үлгі:Cite web</ref> келесі жылы — вице-чемпион, ал 2018 жылғы сәуірде қола жүлдегер атанды.

2018 жылғы тамызда Тұрар ауылында (Түркістан облысы) 50–65 жас аралығындағы сеньориттер арасында Қазақстан чемпионы атанды.<ref>Үлгі:Cite web</ref>

Дереккөздер

Үлгі:Дереккөздер