Елдос Тоқтарбай

Қазақ Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет
Мұнда ауысу: шарлау, іздеу

Үлгі:Жазушы Елдос Нүсіпұлы Тоқтарбай (2 қаңтар 1993, Балпық би, Көксу ауданы, Жетісу облысы) — қазақ жазушысы, әдебиет сыншысы, алаштанушы-ғалым, баспагер, ҚР Үкіметінің «Дарын» мемлекеттік жастар сыйлығының лауреаты, Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі.<ref>https://adebiportal.kz/kz/authors/view/2546</ref> Ілияс Жансүгіров қоғамдық қорының Президенті.<ref>https://www.instagram.com/ilyas_jansugur_qory/</ref><ref>https://egemen.kz/article/389869-surettegi-dgumbaq-dgan-kim</ref>

Өмірбаяны

Ұлы жүздің Жалайыр руы, Мырза атасынан тарайды.

1993 жылдың 2 қаңтарында Алматы облысының Көксу ауданы, Балпық би кентінде дүниеге келген. Екі жасында әкесінен айырылып, 1995 жылдан бастап Талдықорған облысы (қазіргі Жетісу облысы), Қапал ауданы (қазіргі Ақсу ауданы), Арасан ауылында тұратын нағашыларының тәрбиесінде өскен.<ref>https://toktarbay.com/avtor/</ref>

Білімі

Арасан ауылындағы Барлыбек Сырттанов атындағы орта мектептің түлегі. Ы.Алтынсарин атындағы Арқалық мемлекеттік педагогикалық институтының филология факультетін «Қазақ тілі мен әдебиеті» мамандығында білім алған. Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің магистратурасын, докторантурасын тамамдаған. РФ Ғылым академиясының Әдебиет институты (Пушкин үйі) Әдебиет теориялары мәселелері бойынша курсын оқыған. (Санкт-Петербург қаласы)

Еңбек жолы

Еңбек жолын мұғалім ретінде бастаған Елдос Нүсіпұлы әр жылдары әртүрлі қызмет атқарған.

Шығармашылығы

Елдос Тоқтарбайдың шығармашылық дебюті — 2015 жылы жарық көрген «Ақжелкеннің ұландары» прозалық шығармасы.

Көркем-әдеби еңбектері

Басқа да

  • «Барлыбек» («Жетісу» телеарнасы мен «Jetisufilm» студиясы) көркем фильмінің және «Айтылмаған тарих» («Хабар» телеарнасы) сериялық деректі фильмдерінің сценарийін жазған. «Ілияс» көркем фильмінің кеңесшісі.
  • Бірқатар пьесалары ҚР театрларында қойылып жүр.<ref>https://syrboyi.kz/aleymet/tarihi-drama-alash-idejasyn-arqaw-etti-198730/</ref>

Әдеби портреттік эсселері

  • «Сөз-сәуле» (2019)
  • «Жарық сәуле» (2019)

Публицистикалық шығармалар кітабы

«Мен де АрқМПИ түлегімін...» (2014)

Романдары

  • «Үзілмеген үміт»
  • «Серілер сүйген сұлу»

Прозалық кітаптары

Ғылыми зерттеу әдеби-сын, тарихи танымдық жұмыстары

Елдос Тоқтарбай алаштану мен әдебиет ғылымдарында зерттеу жүргізіп, еңбек жазған ғалым. Оның зерттеу еңбектері мен монографиялары:

  • «Қаламгер, ғалым, қайраткер Ахмет Байтұрсынұлының əдеби мұрасы» (2013);
  • «Қазақ әдебиеті тарихындағы түрмеде жазылған шығармалар және эмигранттық кезең» (Генезис. Эволюция. Поэтика) (2015);<ref>https://adebiportal.kz/kz/news/view/eldos-toqtarbai-adebiet-erikkennin-ermegi-emes__12058</ref>
  • «Барлыбек туралы бірер сөз... Барлыбек Сырттанұлының өмірі мен қызметі туралы тарихи толғам» (2019);
  • «Жетісу өңірінің аңыз-әңгімелері» (2020);
  • «Абай және Алаш. Абайтанудың кейбір мәселелері» (2020);
  • «Түрме әдебиеті» (2021);
  • «Алаш сөзі»;
  • «Жетісудағы Алаш іздері»;
  • «Жетісудағы «Алаш» мектебі» (2021);
  • «Millet Mektebinin Yüreği» (2022);
  • «Ілиястың Ресейдегі іздері (1925–1928)» (2024).
  • «Арғы жағы Хазардың, бергі жағы...» (2025);

Балалар әдебиеті

Елдос Тоқтарбайдың балалар мен жасөспірімдерге арналған әңгімелері «Кəусар бұлақ» (2012), «Аңсар» (2013), «Балауса жырлар» (2014), «Тəтті алма» (2015), «Жетісуға құйылған жылғалар» (2017), «Əдеби Қазақстан» (2018), «Тәтті алма» (2019), «Қазақстан – Белоруссия» әдеби альманахы (2020), «Құлыншақ. Жетісулық балалар жазушыларының антологиясы» (2021), 10 томдық балалалар әдебиеті прозалық шығармалар антологиясына енген.

  • Ілияс Жансүгірұлы кім?

Дереккөздер

Үлгі:Дереккөздер