Ежелгі Үндістан театры

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Ежелгі Үндістанда халық ойын-сауықтары өте ертеден басталды. Оның түп төркіні ежелгі тайпалардың салт-жораларында, ырымдары мен билерінде жатыр. Үндістандағы драматургиялық шығармашылык Ежелгі Грекияға қарағанда кейінірек — шамамен б.э.д. IV—III гасырларда басталады. Бұл өзіндік драмалық театр өнерін жасаған дүниедегі екінші ел болды. Бірақ Ежелгі Грекия мен Рим театрына қарағанда оның даму процесі күрделі де ұзағырақ еді. Ежелден белгілі "Рамаяна"Махабхарата" сынды эпикалық поэмаларды сахнаға шығару халық театрының өзекті тақырыбы болып табылады. Сюжетьерінің көбі актерлер ойынымен орындалып кана қоймай, әңгімеленіп айтылатын үнді театрының спектакльдері арнайы сахнальщ алаң да, декорация да, көптеген аксессуарларды да қажет етпейді. Театр ойынында орындау шеберлігіне (декламация, би, пантомима, ішінара цирк өнері) ғана назар аударылады. Дәстүрлі театр өнерінде би (каткахали, катках, манипури, т.б.) негізгі рөл атқарады. Каткахали арқауы би пантомимаға кұрылады. Каткахали ойыны кезінде ежелгі үдінің эпикалық поэмалары желісіне кұрылған көріністер көрсетілп, ол әнмен сүйемелденді. Ашық алаң, айлы түнде өткізілетін бұл думан таң атканша созылды. Үндістанның солтүстік жағында кең тараған театрлық ойындар — ұлттық немесе діни мейрамдарда орындалатын рамлила және кришналила (лила — ойын; 14 күнге дейін созылады). Оны әуесқойлар кала және ауыл алаңдарында орындаған. Қойылымды тәжірибелі және кәсіби дайындығы жоғары бір адам дайындаған. Рамлила және кришналила сюжетінің негізінде эпикалық қаһармандар — Рам жәнеКришна.

Халық театрлары Үндістанның басқа аудандарында да, якшагана — Оңтүстік Үндістанда, тамаша — Махараштрада, джаши — Кашмирде, сванги — Раджастханда, т.б. кездеседі. Халық ойындары үнді классикалық театрының қалыптасуына (б.з.д. V—I ғғ.) игі әсерін тигізді. Ежелгі Үндістанда театр өнерінің жер бетінде пайда болуына байланысты мынадай аңыз бар. Адамзат алтын ғасырдан күміс ғасырға өткенде, адамдар сезім ләззаттарын біліп, олардың жүрегінде қызғаныш, ашу, сараңдык, т.б. жағымсыз касиеттер ұялағанда, Индра Құдай әлемді жаратушы Брахма Құдайға барлық адамзатка бірдей ойын-сауықты жасауды сұрайды. Брахма көп ойланып, төрт ведадан (веда — үндістандыктардың касиетті кітабы) төрт элементті — сөзді, әнді, пантомима мен сезімді алып, "Натъяшастраны ("Актер өнері туралы трактат") ойлап тауып Индраға береді. Бірак Индра да, басқа Құдайлар да бұны өте төмен міндет, оны одан да жердегі әйелдер мен еркектерге бер деп, кітапты Брахмаға кайтарады. Сонда Брахма кітапты ұлы дана Бхарат Муниға беріп, өнерді өзіңнің 100 ұлыңа үйрет деп тапсырады. Сөйтіп, касиетті "Натьяшастра" аспаннан жерге түседі.

Содан театр өнері жер бетінде таралады делінеді. Ежелгі үндінің "Натьяшастра" (б.з. I ғасыр) трактатында драматургия, актерлік өнер, театр сәулеті мәселелері кеңінен баяндалады. Классикалық театр эстетикасының негізінде эмоциялар (каса) және оның сахналық жүзеге асуы туралы ілім жатыр. Бізге жеткен ең бірінші пьесалар I—II ғасырларда жазылған және олар Солтүстік Үндістанның драматургі Асвагосанікі болыпесеп- теледі. Ежелгі Үндістанда сахнада ойнаушы актер пластика, көркем сөз, костюм, грим, экспрессия өнерін бірге ұштастыруы керек болған. Қойылымдар діни мейрамдар мен патша сайлау, үйлену тойы, ұл баланың дүниеге келуі, саяхаттан оралу, кала немесе мемлекетті жаулап алу секілді сарай тойларында көрсетілді. Театр ғимараттарына бар- жоғы 500 көрермен сыятын. Спектакльдердің көбі кешкі сағат 2100- де басталып, тән ауғанда аяқталатын. Музыканттар спектакльде үлкен рөл атқарады. Олар көбінесе актерлердің касында отырып, көрініске қатысатын. Боялмаған ағаштан жасалған орындық, кресло, үстел секілді заттар біресе тақты, біресе таудың басын, аспан арбасын, ағашты, үйді бейнелеп сахнада қайта-кайта орын ала береді. Бутафорияның басты заттарын — маска, қылыш, найза, садакты жеңіл ағаштан жасап, түрлі түсті бояулармен бояйды. Классикалык драмалардағы негізгі кейіпкерлер — Құдайлар, әулиелер мен ғұламалар, әкімдер мен ұлықтар болып келеді. Сахнадан әлеуметтік қайшылық пен трағедиялық ситуадияларды (халық бүліғін, қаланың қоршауын, биліктен билеушіні түсіруді, кейіпкерлер әлімін, т.б.) көрсетуге өнер жайындағы ежелгі трактаттарда тыйым салынып келеді, пьеса әрқашанда тек жаксылықпен аяқталуға тиісті болды.

IV—VI ғасырлардағы классикалық драма мен театрдың гүлденуі Бхаса, Калидаса, Шудраки сынды драматургтердің шығармашылығымен тығыз байланысты. Бұлардың шығармасы дәстүрлі шеңберден шығып, ежелгі үнді халқының бүкіл өмірін жан-жақты көрсетуді мақсат тұтты. Классикалық драмалар тақырыгқа байланысты он түрге бөлінеді, оның ең негізгісі екеу — натака (батырлық драма) және пракарана (тұрмыстьщ драма). Бірінші түрдегі драма сюжеті мифологиялық жәнљ тарихи болып келеді. Онда парасатты кейіпкерлер — Құдайлар мен патшалардың жетістіктері туралы сөз болады. Ал тұрмыстық драма — пракаранаға драматург сюжетті өмірден алады, оның кейіпкерлері қарапайым адамдар болып келеді. Мысалы, мұндай драмаға Шудракидің "Балшыц арба" пьесасын жатқызуға болады.<ref>Өнер: Жалпы білім беретін мектептің жаратылыстану-математика бағытындағы 11-сыныбына арналған оқулык/Қ.Болатбаев, Е.Қосбармақов, А.Еркебай. — Алматы: "Мектеп" баспасы, 2007. ISBN 9965-33-998-8</ref>

Дереккөздер

<references/>

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}}


{{#ifeq:|Үлгі

| Бұл үлгі мақалаларды автоматты түрде Үлгі:C қосады. {{#ifeq:Ежелгі Үндістан театры|Документация||}}{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}} |{{#if:||{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}}}} }}

got:𐌹𐌽𐌳𐌹𐌰/India iu:ᐃᓐᑎᐊ/intia