Егістік қышатүс

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Үлгі:Taxobox

Егістік қышатүс (Үлгі:Lang-la) - Орамжапырақ тұқымдасы, қышатүс туысына жататын бір, екі жылдық шөптесін өсімдік.

Ботаникалық сипаты

  • Биіктігі 15-40 см.
  • Сабағы тік, бұтақталған, қатты әрі төмен қарай иіліген түк басқан.
  • Сағақты жапырақтары қауырсын тілімді және 2-4 жұп үшкір бүйір жапырақтары ұзынша жұмыртқа тәрізді.
  • Гүлшоғыры қалың емес, алғашында қысқа болады, кейіннен ұзарып 20-25 см-ге жетеді. Гүл сағағының ұзындығы 2-3 мм, жемістенген кезде ұлғаяды. Күлтесі ақ, сирек сары, күңгірт күлгін түсті жүйкесі болады, ұзындығы 16-23 мм, ені 6-8 мм, тостаған жапырақшасынана 2 есе ұзын. Бұршаққынының ұзындығы13-20 мм, ені 3-4 мм, сирек қысқа әрі қатты түк басқан.
  • Жемісі - қысқа, ортасынан ашылатын екі қабықты дән.
  • Домалақ, жалпақтау тұқымы қоңыр, көлденеңінен 1,5 мм-ге жетеді.

Өсетін орны мен таралуы

Қышатүстің (Eruca) әр түрі Батыс Моңғолияда, Кіші Азия және Орта Азияда, Иранда, Ауғанстанда, Пәкістанда, Ресейде, Батыс Қытайда кездеседі. Егістік қышатүс Қазақстанда Оңтүстік Алтай жотасында (Катонқарағай ауданы) Зайсан қазаншұңқырында өседі. <ref>Қазақстан табиғаты:Энциклопедия / Бас ред. Б.Ө.Жақып. - Алматы:" Қазақ энциклопедиясы" ЖШС, 2011. Т.З. - 304 бет. ISBN 9965-893-64-0 (Т.З.), ISBN 9965-893-19-5</ref>

Дереккөздер

<references/>