Евгения Васильевна Лизунова

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Евгения Васильевна Лизунова (31.8.1926, Днепропетровск — 16.1.1993, Алматы) — ғалым, сыншы, әдебиеттанушы. Филология ғылымдарының докторы (1964), профессор (1966), Қазақстан Ұлттық Академиясының корреспондент-мүшесі (1975), ҚР ғылымының еңбек сіңірген қайраткері (1982).

ҚазМУ-ды (1946), Қазақстан Ұлттық Академиясының аспирантурасын (1950) бітірген. 1950 жылдан ҚР ҰА Тіл және әдебиет институтында, М.Әуезов атындағы Әдебиет және өнер институтында жұмыс істеді.

Лизунова қазақ әдебиетінің тарихы, әдеби байланыс, Әуезов шығармалары жөнінде ғылыми-зерттеу еңбектер жазды. “Мұхтар Әуезов” (1957, Ы.Дүйсенбаевпен бірге), “Қазіргі қазақ романы” (1964), “Мұхтар Әуезовтің шеберлігі” (1968) атты монографиялары жарық көрді. Лизунова “Қазақ совет әдебиеті тарихының очеркі” (1957, 1958, 1960), “Қазақ совет әдебиетінің тарихы” (1967, 1971), “Көп ұлтты совет әдебиетінің тарихы” (М., 1970), “Братство литератур” (1986), т.б. ұжымдық еңбектерді жазуға қатысты. Ол Әуезов шығармаларының орыс тілінде 5 том болып басылуына белсене атсалысты.

Оның бірқатар шығармалары қазақ, өзбек, тәжік, украин, қырғыз, түрікмен тілдерінде жарияланды.<ref>История советской многонациональной литературы, т. 5, М., 1974</ref><ref>Советтік Қазақстан жазушылары, А., 1987</ref><ref>Национальная АН РК, А., 1996</ref>

Дереккөздер

<references/>

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}


{{#ifeq:|Үлгі

| Бұл үлгі мақалаларды автоматты түрде Үлгі:C қосады. {{#ifeq:Евгения Васильевна Лизунова|Документация||}}{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}} |{{#if:||{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}}}} }}