Дәурен Хамитұлы Сембаев
Үлгі:Wikify Дәурен Хамитұлы Сембаев (3.10.1933 жылы туған, Алматы — 2015) — ғалым, химик-органик, химия ғылымы докторы (1982), профессор (1986). Қазақстан Ғылым Академиясының академигі (2003). Д.И. Менделеев атындағы Мәскеу химия-технология институтын бітірген (1956). 1956 жылдан А.Б. Бектұров атынд. Химия ғылымдары ин-тында ғыл. қызметте. Негізгі ғыл. еңбектері органик. қосылыстардың арасындағы өзара құрылымдық байланыстардың ерекшеліктерін, олардың оксидті катализатор қатысында катализдік тотығу және тотықтыру аммонолизін анықтау, органик. заттардағы әр түрлі орталықтардың реакцияға қабілеттілігі мен олардың катализдік реакцияларға қатысу мүмкіндіктерін зерттеуге арналған. С. зертханасында ванадий-титанды катализаторлар жасалып, өндіріске енгізілді. Осы катализаторлар негізінде никотин қышқылын шығаратын тәжірибелік-өнеркәсіптік өндіріс құрылды (Украина, Умань қ.). С. 230-дан астам ғыл. еңбектің, 30 авторлық куәлік, 55 патенттің авторы. С. бірнеше медальмен марапатталған. Шығ.: О связи между фазовым составом и каталитическим действием окисных ванадиево-титановых контактов в реакций профазного окисления о-ксилола, Кинетика и катализ. 1979, т. 20 (соавт.); Катализаторы органического синтеза, А., 1992 (соавт.).