Дәулетбайтөбе

Қазақ Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет
Мұнда ауысу: шарлау, іздеу

Үлгі:Көне қалашық Дәулетбайтөбе – ежелгі қала орны (I-VI ғасырларлар).

Орналасқан жері

Түркістан облысы Кентау қаласынан солтүстікке қарай 25 км жерде, Иқансу өзенінің жағасында.

Зерттелуі

1970 жылы Отырар археологиялық экспедициясы (жетекшісі К. Ақышев) зерттеген, 1979 жылы Оңтүстік Қазақстан археологиялық кешенді бригадалардың бірі (Б. Әділгереев) қазба жұмыстарын жүргізген.

Сипаты

Сопақшаланып, шығыстан батысқа қарай 50 м, солтүстіктен оңтүстікке қарай 30 м созылып жатқан екі қатпарлы төбешік. Төбешіктің ең биік тұсы 5 м. Қазба жұмысы кезінде қабырғасы қыш кірпіш пен жұмбаздан тұрғызылған тұрғын үйлер қалдығы, оттығы еден арқылы өтетін қазандық, керамика сынықтары, қайық іспетті тас үккі, келсаптар табылды.<ref>«Қазақстан»: Ұлттық энциклопедия / Бас редактор Ә. Нысанбаев – Алматы «Қазақ энциклопедиясы» Бас редакциясы, 1998 ISBN 5-89800-123-9, V том</ref>

Дереккөздер

Үлгі:Дереккөздер

Үлгі:Навигациялық кесте