Дәрмене (бұта)
Үлгі:Taxobox Дәрмене немесе ақ жусан (Үлгі:Lang-la) – астралылар тұқымдасының жусан туысына жататын көп жылдық шала бұта. Орта Азияның (Оңтүстік Қазақстан) эндемигі.
Ботаникалық сипаттамасы
Биіктігі 18 – 30 см. Өзіне тән аңқыған өткір иісі бар. Улы өсімдік.
Тамыры ағаштанып кеткен, өзекті, қара-қоңыр түсті.
Жапырақтары кезек орналасқан, сызықты жиеленген. Гүлдеу кезіне қарай көбі түсіп қалады.
Гүлдері майда, 2-3 мм, қос жынысты. Гүлшоғыры - себетше.
Химиялық құрамы
Жер бетіндегі бөліміннің құрамында сесквитерпенді лактон сантонин (до 7 %<ref name="БФС" />) және 1,5—3 % эфир майлары, цинеол және басқа терпендер (70—80 %<ref name="БФС">Блинова К. Ф. и др.,Ботанико-фармакогностический словарь : Справ. пособие [1], Под ред. К. Ф. Блиновой, Г. П. Яковлев,М,изд.Высш. шк.,1990,227,isbn=5-06-000085-0</ref>), камфора, карвакрол.
Таралуы
Түркістан облысы, Арыс ауданының Дәрмене кеңшарында қолдан өсіріледі. Қазақстанның Қызыл кітабына енгізілген.<ref>Қазақ энциклопедиясы</ref>
Дереккөздер
<references/> Үлгі:Wikify