Дәмегөй мүсірәліқызы

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Дәмегөй мүсірәліқызы (1870-1932), Абайдың екінші ұлы - Мағауияның бірінші әйелі. Жазушының екінші әйелі - Кәмила Мағауияқызының шешесі. Абайға қатысты деректердің біразын Әуезов осы кісінің аузынан жазып алған. Мінезі өжет, тура, тік сейлейтін, адуынды адам болған. Абайдың қара шаңырағын отау ретінде ұстап қалған, ақынның кітапханасы, қолжазбалары, тұтынған заттары, суреттері, киім-кешегі Дұәегейдің қолында сақталып қалған. Құнанбайдың шапанын Дәмегей Әуезовке сыйлаған. Шапанды тәбәрік есебінде әркім жыртыс орнына алып кеткен. Шапанның түймесі «Әуезов үйі» ғылыми-мәдени орталығының қорында тұр. Абай мен Мағауия туралы Дәмегөйдің аузынан жазылып алынған естеліктер Абайдың Семейдегі мұражай-қорығының қорында сақтаулы. Дәмегөй де Абай ұрпақтарымен бірге тәркіге түскен. 1927 жылы Абайдың қолжазбалары мен кітаптарын, түрлі қымбат заттарын Аралтебедегі Ділдә мен Әйгерімнің зиратына көмдіріп кеткен. Әуезов арнайы экспедиция жібергенде, құнды мұралардың қолды болып кеткені анықтадцы. Дәмегөй Белағаш форпостында баласы Жағыпар мен қызы Кұмиланыһ қолында қайтыс болды.<ref>Мұхтар Әуезов энциклопедиясы — Алматы, «Атамұра» баспасы, 2011 жыл. ISBN 978-601-282-175-8</ref>

Дереккөздер

<references/>

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}}

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}


{{#ifeq:|Үлгі

| Бұл үлгі мақалаларды автоматты түрде Үлгі:C қосады. {{#ifeq:Дәмегөй мүсірәліқызы|Документация||}}{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}} |{{#if:||{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}}}} }}