Жыртыс

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Қысқаша мәлімет

ЖЫРТЫС – 1) қуаныш кезінде үлестірілетін кәде. Дәстүрлі қазақ қоғамында қуаныш кезіндегі Ж. әйелдер арасында үлестірілетін және солар атқаратын ежелгі ғұрыптардың бірі болған. Негізінен, келін түскенде оның сандығына арнаулы мата салынады. Ол “сандық ашар” жоралғысы кезінде алынып, сол тойға қатысқан әйелдердің бәріне жыртылып таратылады. Қолға тиген Ж. – сыйлы кәде болып есептеледі; 2) қазақ халқының дәстүрлі өлік жөнелту ғұрпында жерлеуге қатысқан еркектерге зират басында үлестірілетін, көлемі бет орамалдай мата бөлігі. Шама-шарқына қарай әр түрлі матадан үлестірген Ж-пен жерлеу рәсіміне қатысушы ер азаматтар бетін сүртіп, марқұмға иман айтады. Қайтыс болған кісі ұзақ жасаған, үбірлі-шүбірлі болса, жұрт Ж-ты оның жасын берсін деп ырымдап алып, қастерлеп ұстайды. Ж. марқұмның тіріде дос-жарандарына, көрші-қолаңдарына артық-ауыс кеткен алым-берімінің өтеуі, қиямет күнінде, о дүниеде қарыз болмас үшін өтем ретінде міндетті түрде берілуі шарт деп саналған. <ref> Қазақ энциклопедиясы </ref>

Сілтемелер

Дереккөздер

<references />

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}} {{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}


{{#ifeq:|Үлгі

| Бұл үлгі мақалаларды автоматты түрде Үлгі:C қосады. {{#ifeq:Жыртыс|Документация||}}{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}} |{{#if:||{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}}}} }}