Дүйсенқұл Сарықұлұлы Сарықұлов

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Дүйсенқұл Сарықұлұлы Сарықұлов (6.7.1906, Отырар ауданы – 1998, Алматы) – қоғам қайраткері, журналист, экономика ғылым докторы Қазақ КСР-інің, КСРО-ның еңбек сіңірген гидротехнигі. 1927 – 32 жылдары комсомол және партия қызметтерінде болды. 1932 – 37 жылдары Мәскеудің Бүкілодақтық өнеркәсіп академиясының гидроэлектрстанса және гидроқұрылыс факултетінде оқыды. 1937 – 39 жылдары Карелиядағы «Сунастрой» (Кондопожск СЭС-і) құрылысының, 1939 – 42 жылдары «Средазгидроэнергопроект» тресінің бастығы, 1942 – 50 жылдары Өзбек КСР Ет-сүт өнеркәсібі министрі, 1950 – 53 жылдары Ташкент облысы Шаххантаур СЭС-і құрылысының бастығы. 1953 – 55 жылдары КСРО Электростансалары министірлгінің энергетика академиясында оқыды. 1955 жылдары Қырғыз КСР-інің Қала және село құрылысы министрінің орынбасары, 1956 – 58 жылдары Қазақ КСР Су шаруашылық министрінің орынбасары, «Казголодностепстрой» тресінің бастығы, 1958 – 63 жылдары Қазақ КСР Су шаруашылық министрі. 1965 жылдан «Казгипроводхоз» ғылым-зерт. институтының директоры. 1974 жылдары одақтық дәрежедегі дербес зейнеткерлікке шықты. Сарықұлов – 100-ден астам ғылым еңбектің авторы. 3 рет Еңбек Қызыл Ту, 2 рет «Құрмет белгісі» ордендерімен, медальдармен марапатталған. Бүкілодақтық ХШЖК-нің қола медалінің иегері.

Сілтемелер

"Оңтүстік Қазақстан Энциклопедиясы"


{{#ifeq:|Үлгі

| Бұл үлгі мақалаларды автоматты түрде Үлгі:C қосады. {{#ifeq:Дүйсенқұл Сарықұлұлы Сарықұлов|Документация||}}{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}} |{{#if:||{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}}}} }} {{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}}

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}