Дінішев Мұса Бөкенбайұлы

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Үлгі:Infobox Biography Дінішев Мұса Бөкенбайұлы (5.5.1912 жылы туған, Қазталов ауданы) - белгілі журналист, баспагер. Қазақстанның еңбек сіңірген мәдениет қызметкері (1985).<ref>Қазақ мәдениеті. Энциклопедиялық анықтамалық. Алматы: “Аруна Ltd.” ЖШС, 2005 ISBN 9965-26-095-8</ref> 1930 ж. Ақтөбе қаласындағы педагогикалық техникумды бітірген. 1934 ж. «Лениншіл жас» газеті редакциясының бөлім меңгерушісі, 1937-41 ж. Қазақ республикалық радиокомитетінің редакторы. 1941-45 ж. майдандық газеттерде тілші. Қазақ біріккен мемлекеттік баспасында редактор (1947-50), «Қазақфильм» кино студиясы сценариялық бөлімінің бастығы (1950-51), оқу педагогикалық мемлекеттік баспасының директоры (1951-53), Баспалар ісі жөніндегі бас басқарма бастығының орынбасары (1953-54), Мәдениет министірлігінің сценарийлер бойынша бас редакторы (1955-58) болып қызмет атқарды.<ref>“ Қазақ әдебиеті. Энциклопедиялық анықтамалық. — Алматы: «Аруна Ltd.» ЖШС, 2010 жыл.ISBN 9965-26-096-6</ref> Дінішев «Мәдениет және тұрмыс» журналының алғашқы редакторларының бірі (1958-61), бас редакторы (1965-76), Қазақстан мәдениет министрінің орынбасары (1961- 64). 1976-87 ж. «Біздің Отан» газетінің редакторы. 1987 жылдан Дінішев — республикалық дәрежеде дербес зейнеткер. Қызыл жұлдыз, 2-дәрежелі Отан соғысы ордендерімен, медальдармен марапатталған.<ref>Батыс Қазақстан облысы. Энциклопедия. — Алматы: «Арыс» баспасы, 2002 жыл. ISBN 9965-607-02-8</ref>

Дереккөздер

<references/> Үлгі:Stub: Қазақ әдебиеті {{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}}

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}