Діни демократия

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Діни демократия - (Мысалы, Иран Ислам Республикасы, ИИР) - ислам қоғамын басқару әдісі ретінде ИИР-ның негізін қалаушысының және басқа Ислам төңкерісі жетекшілерінің еңбектерінде көрсетілген принциптерге сүйенеді.

  • Алғашқы принцип - жалпыхалықтық қатысу және халық қалауына жан-жақты қолдау көрсету. ИИР-ның Конституциясында биліктің құдайдан екендігін мойындаумен қатар, қалың бұқараның депутаттарды сайлауда, исламдық құрылымның барлық деңгейдегі басшыларын сайлаудағы рөліне баса мән беріледі. Сонымен қатар, ис- ламдық құрылымның барлық жауапты тұлғалары төңкеріс көсемінен бастап, қалалық және ауылдық исламдық кеңестерге дейін халықтың тікелей қатысуымен сайланады. Тіпті, сақшылар кеңесі секілді бақылаушы кеңестерді де халық сайлайды.

Ислам төңкерісі жецісінен кейінгі 25 жыл бойына Иран әртүрлі деңгейдегі жалпыхалықтық сайлауларды жыл сайын өткізіп тұрды, ол халықтың өз тағдырын анықтауда тікелей қосар үлесі бар екендігінің белгісі болса керек. Басқаша айтқанда, діни демократияда діни көсемдер мемлекеттік институттарды халық пікірімен санасып құрады.

  • Екінші принцип - құдай заңдылықтары мен діни құндылықтар негізінде басқару. Екі референдум қорытындысы бойынша бекітілген ИИР-ның Конституциясы халықтың өз тағдырын өзі шешуге атсалысуына кедергі келтірмейді. Онда құдайлық басқарудың шегі мен негізгі түсініктері занды түрде анықталган. Ислам саяси ойында барлыгы, жетекшіден бастап, бұқара халыққа дейін құдайлық құндылықтар мен ұстанымдарга багынуы міндетті.
  • Үшінші принцип - халық алдында жауаптылық және халық тарапынан бақылау құқы. Діни демократияга негізделген қоғамдық құрылымда халық рақымшыл, ал, халық құқы - қашан да барлық лауазымды тұлғалар құқынан жоғары.
  • Төртінші принцип - заңның үстемдігі. Осыдан келіп, ұлттық бірлікті қамтамасыз ету мәселелері заңды бұлтартпай орындауга байланысты, діни демократия заң бұзуды жоққа шығарады. ИИР-да кез келген жеке тұлға және қоғамның барлық мүшелері шариғатпен және халық қалаулыларымен бекітілген заңды бүлтартпай орындауга міндетті.

Діни демократия жалпы демократия тарихында жаңа дәуірді ашады.<ref>Саяси түсіндірме сөздік. – Алматы, 2007.

ISBN 9965-32-491-3</ref>

Тағы қараңыз

Дереккөздер

<references/>

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}}

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}


{{#ifeq:|Үлгі

| Бұл үлгі мақалаларды автоматты түрде Үлгі:C қосады. {{#ifeq:Діни демократия|Документация||}}{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}} |{{#if:||{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}}}} }}