Дориан Грейдің портреті

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

«Дориан Грей Портреті» (Үлгі:Lang-en) – Оскар Уайльдтің жазған жалғыз романы. Алғаш рет 1890 жылы маусымда «Липпинкоттың айына бір рет шығатын журналына» шығады. Алайда роман қоғам наразылығын туғызады. Ағылшын сыншылары роман авторын сотқа беруге дейін барады. Уайльдты қоғамдық моральға кір келтірді деп айыптайды. Себебі «Дориан Грейде» ағылшынның қоғам қайраткерлері, ірі тұлғалары суреттелген еді. Роман декаден стилінде жазылған философиялық жанрға жатады.

Басты кейіпкерлер

  1. Дориан Грей (Dorian Gray) — өте сымбатты, нарцисс жас жігіт.
  2. Бэзил Холлуорд (Basil Hallward) — Дориан Грейдің портретін салған суретші.
  3. Лорд Генри «Гарри» Уоттон (Lord Henry "Harry" Wotton) — аристократ, Дориан Грейге ықпал етуші тұлға.
  4. Сибил Вейн (Sibyl Vane) — көрікті актриса, Дориан Грейдің ғашығы.
  5. Джеймс Вейн (James Vane) — Сибилдың ағасы. Теңізші.

Дереккөздер

<references/> Үлгі:Бастама