Декаданс

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Декаданс (Үлгі:Lang-fr - түңілу) — XIX ғ. екінші жартысы мен XX ғ. басындағы өмірден түңілу, келешектен үмітсіздікке бой алдыру сарындары, дара тұлғалардың жекеленуі байқалғанын білдіретін, Еуропа мәдениетінде көрініс тапқан тоқырау құбылысының жалпы атауы. XX ғ. модернизм ұғымымен байланыстырылған кейбір бағыттардан декаданс өзінің ерекшеліктерімен өзгешеленеді. Декаданс аумалы-төкпелі замандағы адамның құлазыған көңіл-күйін ашып көрсетуге ұмтылу, қоғамдық талас-тартыстан алшақтап, дарашылдық, сыршылдық сезімге бой ұрады. Төңкерістік бағыттағы үрдістердің қоғамды соқыр сенім үстінде қиратуға бағыттайтынын көріп, декаданс — бағыттағы суреткерлер торығу күйін кешті. Декаданс бағытындағы суреткерлердің көзқарасы бойынша кез-келген таптық күрес пен қоғамдық прогресс формасының мақсаты қоғамдағы қатынасты қайшылыққа әкеледі деп таниды. Өнердің саяси және азаматтық тақырыптан оқшаулануы суреткерлердің пікірінше шығармашылықтың еркіндік жағдайымен тікелей байланысты. Декаданс «өнер үшін» деген қағиданы қолданғаны да тек қоғамдық күрестен бас тарту деп қана қарамай, көркем өнердің, әдебиеттің өзіндік құндылығын ескеру, шығармашылық еркіндікті сақтауға ұмтылу деп таныған жөн. Декаданстың тұлға еркіндігін тануы жалпы эстетикалық құндылықтардан, сұлулықты талғам биіктігімен пара-пар тең қарастыруымен үндеседі. Декаданстың тұрақты тақырыбы — өмір мен өлім мотиві, рухани құндылықтар идеялына деген сағыныш сарыны болып табылады. Декаданс барлық жағынан өнер мен өдебиетті әрдеңгейде суреткер шығармашылығынан көрініс тапқаны бағыты — «модерн» стилінде, символизм ағымында деп айтуға болады.<ref>Мәдениеттану: жоғарғы оқу орнындары мен колледж студенттеріне арнлған оқулық. Алматы: Раритет, 2005.- 416 бет. ISBN 9965-663-71-8</ref><ref>“ Қазақ әдебиеті. Энциклопедиялық анықтамалық. - Алматы: «Аруна Ltd.» ЖШС, 2010.ISBN 9965-26-096-6</ref> Декаденттер - жойылып бара жатқан элитаның өкілдері.<ref name=a1>Орысша-қазақша түсіндірме сөздік: Әлеуметтану және саясаттану бойынша / Жалпы редакциясын басқарған э.ғ.д., профессор Е. Арын – Павлодар: «ЭКО» ҒӨФ. 2006. – 569 б. ISBN 9965-808-89-9</ref>

Тағы қараңыз

Дереккөздер

<references/> {{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}}

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}