Дефектология

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Дефектология<ref>Орысша-қазақша түсіндірме сөздік: Педагогика / О 74 Жалпы редакциясын басқарған э.ғ.д., профессор Е. Арын - Павлодар: "ЭКО" ҒӨФ. 2006. - 482 б. ISBN 9965-808-85-6</ref> (Үлгі:Lang-la – жетімсіздік және Үлгі:Lang-el – ілім)педагогиканың көру, есту, сөйлеу мүшелерінде, ақыл-ойының дамуында табиғи кемістігі бар балаларды оқыту мен тәрбиелеу мәселелерін зерттейтін арнаулы саласы.

Дефектология төрт салаға бөлінеді: сурдопедагогика – мылқау балаларға, тифлопедагогика – зағип балаларға, олигофренопедагогика – ақыл-ойы кеміс балаларға, логопедия – тілінің кемісі бар балаларға білім және тәрбие беру проблемаларын зерттейді. Дефектология, сондай-ақ дене кемістігі күрделі (соқыр және саңырау, саңырау және ақыл-ой кемістігі бар, т.б.) балаларды оқытып тәрбиелеуді де қамтиды.

Дефектология невропатология, генетика, психология, педагогика, тіл білімі секілді бірқатар ғылым салаларымен де тығыз байланысты. Шет елдердің көпшілігінде «Дефектология» терминінің орнына «арнайы оқыту» термині қолданылады. Ал Германияда, Австрияда, Швецияда бұл сала «емдік педагогика» деп аталады. Бұрынғы КСРО-да Дефектология жөніндегі ғылым-зерттеу жұмыстарын Мәскеудегі Педагогика ғылымдар академиясының Дефектология институтында, Киев педагогика және психология институтында, басқа да педагогикалық институттардың дефектология факультеттерінің кафедраларында, мектептерде жүргізілді. 1931 жылы Алматыда құлағы мүкіс, 1932 жылы көз кемістігі бар балалар үшін алғашқы арнаулы мектептер ашылды. XX ғасырдың 60-жылдарынан бастап көмекші мектептер жұмыс істеп келеді. Мұндай мектептерде жұмыс істейтін арнаулы кадрлар 1976 жылдан Алматы мемлекеттік университетінде, 1984 жылдан Қарағанды мемлекеттік университетінде даярланады. Қазақстанда табиғи кемістігі бар балалар мемлекет есебінен арнаулы мектептерде тегін оқытылады.<ref name=source1>Қазақ Энциклопедиясы</ref>

Сыртқы сілтемелер

http://ru.wikipedia.org/wiki/Дефектология

Дереккөздер</span>

<references/>

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}}

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}


{{#ifeq:|Үлгі

| Бұл үлгі мақалаларды автоматты түрде Үлгі:C қосады. {{#ifeq:Дефектология|Документация||}}{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}} |{{#if:||{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}}}} }}