Дарбаза су құбыры

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Дарбаза су құбыры Сырдарияның бір саласы Келес өз алабындағы жер асты су қорына негізделген су құбыры. Оңтүстік Қазақстан облысының Сарыағаш ауданы жерінде. Елді мекендерді ауыз сумен қамтамасыз ету мақсатында 1975 ж. салынды. Шатқал жотасының Шардара даласына ұласатын етегіндегі Абай бұлағынан басталады да солтүстіктегі Дарбаза аулына дейін 174 км-ге созылады. Бастауындағы су ағымы 9300 м³/сағ. Сорғы станцияларының торабы Абай аулында орналасқан. Құбыр 14 елді мекенге ауыз су таратады және 63,5 мың га жайылымдықты суландырады.<ref>Қазақ энциклопедиясы</ref> Оңтүстік Қазақстан облысында 1977 ж. іске қосылған. Келес және Сарыағаш аудандарының 34 елді мекенін сумен қамтамасыз етеді. Құбыр ұзындығы — 198 км, қамту ауданы — 21 мың га. Негізгі су көзі — Абай артезиан алабы. Алабына су жинау Келес ауданының Абай аулындағы 11 ұңғыма арқылы жүзеге асырылады. Тәулігіне 32 мың м3 су береді. Құбыр төңірегінде 55 мың халық мекендейді. <ref>Қазақ тілі терминдерінің салалық ғылыми түсіндірме сөздігі. Су шарушылығы. – Алматы, «Мектеп» баспасы, 2002 жыл.</ref>

Дереккөздер

<references/>

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}}

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}


{{#ifeq:|Үлгі

| Бұл үлгі мақалаларды автоматты түрде Үлгі:C қосады. {{#ifeq:Дарбаза су құбыры|Документация||}}{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}} |{{#if:||{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}}}} }}