Гүлзипа Сыздықова

Қазақ Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет
Мұнда ауысу: шарлау, іздеу

Үлгі:Кинематограф Гүлзипа (Күлзипа) Сыздықова (1 қаңтар 1914 жыл, қазіргі Қарағанды облысы Қарқаралы қаласы – 30 қыркүйек 1985 жыл, Алматы) – актриса, әнші, Қазақ КСР-інің еңбек сіңірген артисті (1966).

Өмірбаяны

  • 1933 – 36 жылдары қазіргі Қазақтың мемлекеттік академия драма театрының студиясында оқыған. Оқып жүрген кезінен бастап осы театрдың спектакльдеріне де қатысты.
  • 1936 жылы Мәскеу қаласында өткен қазақ әдебиеті мен өнерінің онкүндігіне қатысқан.
  • 1957 жылдан киноға түскен.<ref>«Қазақстан»: Ұлттық энцклопедия / Бас редактор Ә. Нысанбаев – Алматы «Қазақ энциклопедиясы» Бас редакциясы, 1998 ISBN 5-89800-123-9, X том</ref><ref>Қазақ мәдениеті. Энциклопедиялық анықтамалық. Алматы: “Аруна Ltd.” ЖШС, 2005 ISBN 9965-26-095-8</ref>

Ойнаған рөлдері

Алғашқы ойнаған рөлі – М.Әуезовтің “Түнгі сарын” драмасындағы Топай (1935). Бұдан кейін: Меңсұлу (Ш.Хұсайынов, “Алдар Көсе”), Сайра (І.Қуанышбаев пен Хұсайынов, “Шаншарлар”), Күнікей (Ғ.Мүсірепов, “Қозы Көрпеш – Баян сұлу”), Фатима (А.Қаһар, “Ауру тістер”; І.Мұхамеджанов, “Құдағи келіпті”), Жер-ана, Жаңыл (Ш.Т. Айтматов, “Ана – Жер-ана” мен “Аңсаған менің әнімсің”), т.б. тұлғаларды сомдады. Ол Шүкір (Мұхамеджанов, “Бөлтірік бөрік астында”), Ұмсынай, Халима (Ә.Тәжібаев, “Жалғыз ағаш орман емес” пен “Той боларда”), Балжан (Мүсірепов, “Сең қайтер едің”), Қарақатын (Ә.Нұрпейісов, “Қан мен тер”) рөлдерін ойнап, көрермендерге эпизодтық рөлдердің шебер орындаушысы ретінде танылды.

Дереккөздер

Үлгі:Дереккөздер Үлгі:Бастама Үлгі:Суретсіз мақала