Гүлзада Рахманбердіқызы Ізбасарова

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Гүлзада Рахманбердіқызы Ізбасарова (15.1.1946 ж. т., Қырғызстан Республикасы, Талас қ.) – денсаулық сақтау ісінің ұйымдастырушысы, медицина ғылымдарының кандидаты (2001), Қазақстанның еңбек сіңірген қызметкері (1995).

Алматы мемлекеттік медицина институтын (қазіргі Қазақ ұлттық медицина универститеті) бітірген (1969). 1969 – 82 ж. 1-Алматы қалалық клиниккалық ауруханада хирург, анестезиология және реанимация бөлімінің дәрігері, бас дәрігердің емдеу ісі жөніндегі орынбасары болды. 1982 жылдан ҚР Денсаулық сақтау минтсьрлігі 4-Бас басқармасының Орталық клиникалық ауруханасында бас дәрігердің орынбасары қызметін атқарды.

Ғылыми жұмыстарының негізгі бағыты – халыққа көрсетілетін медициналық жәрдемді ұйымдастыру. Ізбасарова тәжірибеде диагностика жасау мен емдеудің жаңа озық әдістерін ұсынды. Ізбасарованың тікелей басшылығымен диагностика жасау мен емдеудің жаңа әдістерінің медициналық және экономикалық тиімділігін анықтау жөнінде аналитикалық жұмыстар ұйымдастырылды.

Ізбасароваға “Нарық жағдайында аса пайдалы жаңа технологияны жасау және енгізу негізінде медицигалық жәрдем көрсету жүйесін реформалаудың және жетілдірудің моделі” еңбектер топтамасы бойынша Қазақстан Мемлекеттік сыйлығы берілді (2005). “Құрмет” орденімен марапатталған.<ref>Қазақ Энциклопедиясы, 9 том</ref>

Дереккөздер

Үлгі:Дереккөздер