Гүлжаһан Жұмабердіқызы Орда

Қазақ Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет
Мұнда ауысу: шарлау, іздеу

Үлгі:Ғалым Гүлжаһан Жұмабердіқызы Орда — филология ғылымының докторы (2011), доцент (2010).

Өмірбаяны, еңбек жолы

1968 жылы 3 сәуірде қазіргі Түркістан облысы, Мақтаарал ауданы, Датқа ауылында туған.

ҚазПИ-ді (1992, қазіргі Қазақ ұлттық педагогикалық университеті) бітірген.
1992-2011 жылдары Әдебиет және өнер институтында кіші, аға ғылыми қызметкер болды. 2012 жылдан бас ғылыми қызметкер.

Ғылыми бағыты, еңбектері

2010 жылы "Қазақ әдебиеттану ғылымының проблемалары және Мүсілім Базарбаев зерттеулері" тақырыбында докторлық диссертация қорғаған.
Қошке Кеменгерұлының әдеби мұрасын ғылыми айналымға түсріп, М. Базарбаевтың 1960 жылдары Шәкәрім Құдайбердиев мұрасы туралы жазған дүниелерін және оның бүкіл зерттеулерін сол дәуірдегі әдеби процеспен бірге ғылыми айналымға енгізді.
250-ден астам ғылыми мақаланың, 8 ұжымдық монография мен 9 іргелі ғылыми еңбектердің жауапты шығарушысы және негізгі авторы.

Марапаттары

Дереккөздер

Үлгі:Дереккөздер

Сыртқы сілтемелер