Гүлжазира Ахметқызы Ахметова (Молодова)

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Гүлжазира Ахметқызы Ахметова (Молодова) (20.11.1930 жылы туған, қазіргі Шығыс Қазақстан облысы Жарма ауданы Георгиевка (қазіргі Қалбатау) ауылы) - хор дирижері, педагог, Қазақстанның еңбек сіңірген әртісі (1967). Алматы музыка училищесінің (проф. Б.В. Лебедевтің класы бойынша) және Мәскеу консерваториясының (1956) хор-дирижерлік бөлімін бітірген. 1956 жылдан Қазақстанның хор капелласының дирижері, 1961 - 1967 жылдары Алматы музыкалық училищесінде, 1967 - 1969 жылдары Қазақтың мемлекеттік қыздар педагогика институтында, 1970 жылдан Алматы консерваториясында (аға оқытушы, 1979 жылдан доцент, 1985 жылдан профессор) ұстаздық қызмет етеді. Халықтар достығы орденімен, Қазақстан Жоғары Кеңесінің Құрмет грамотасымен ( 1957) марапатталған.<ref>Қазақ мәдениеті. Энциклопедиялық анықтамалық. Алматы: “Аруна Ltd.” ЖШС, 2005 ISBN 9965-26-095-8</ref>

Дереккөздер

<references/> Үлгі:Stub:Қазақ мәдениеті {{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}}

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}