Гравитациялық су

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Гравитациялық суауырлық күшінің ықпалымен қозгалатын жер асты суы немесе салмақ күшінің әсерінен топырақ арасынан (жер қыртысынан) еркін ағып шығатын жер қыртысының арасындағы жылжымалы су. Таужыныстардың өткізгіштік түріне байланысты кеуектік, сызаттық және оқпалық болып бөлінеді. Гравитациялық су — су тұтқыш қондырғының тереңдікте орналасу пішініне қарай: қабатталған және сызатталған гравитациялық сулар болып бөлінеді.<ref>Қазақ тілі терминдерінің салалық ғылыми түсіндірме сөздігі. Су шарушылығы. – Алматы, «Мектеп» баспасы, 2002 жыл.</ref>

Таужыныстың қуыстарында ауырлық күші әсерінен қозғалыстарға ұшырауына капилярлық және электрлік- молекулалық күштер кедергі келтірмейтін дербес судың бір түрі. Қозғалыс ерекшеліктеріне орай төрт түрге бөлінеді: кеуектік су таужыныстағы кеуектер бойымен қозғалады; жарықшақтық су таужыныстағы бір-бірімен жалғасқан жарықшақтар бойымен қозғалады; жарықшақтық-желілік су таужыныстағы ашық жарықтар бойымен қозғалады; карст суы карстану процесіне бейім таужыныстар (карбонаттар, сульфатты және галогендік таужыныстар) өңірінде пайда болатын әр түрлі қустар бойымен қозғалады.<ref>Мұнай және газ геологиясы танымдық және кәсіптік-технологиялық терминдерінің түсіндірме сөздігі. Анықтамалық басылым.- Алматы: 2003 жыл. ISBN 9965-472-27-0</ref> Геолог-мұнайшылар үшін таужыныстар құрамында болатын қабаттардың қуыстары бойынша қозғалуға қабілетті гравитациялық су үлкен қызығушылық туындатады. Табиғатта жоғарыда аталғандардан басқа таужыныстармен химиялық байланысқан су бар, ол минералдардың кристалдық тор құрылысына қатысады. Оған конституциялық, кристалдық және гидраттық су жатады.<ref>Байбатша Ә.Б.Жалпы геология (Жер динамикасы): Оқулық.Алматы: ҚазҰТУ. -364 б. Сурет- 132. Кесте-30. Әдебиеттер тізімі 15 атay. ISBN 987-601-228-001-2</ref>

Дереккөздер

<references/> {{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}}

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}